Номер части:
Журнал
ISSN: 2411-6467 (Print)
ISSN: 2413-9335 (Online)
Статьи, опубликованные в журнале, представляется читателям на условиях свободной лицензии CC BY-ND

КӨНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ СОҒЫС ӨНЕРІ (32-36)



Науки и перечень статей вошедших в журнал:
DOI: 10.31618/ESU.2413-9335.2019.8.60.32-36
Дата публикации статьи в журнале:
Название журнала: Евразийский Союз Ученых — публикация научных статей в ежемесячном научном журнале, Выпуск: , Том: , Страницы в выпуске: -
Автор: Orazbay S.T.
, ,
Данные для цитирования: Orazbay S.T. . КӨНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ СОҒЫС ӨНЕРІ (32-36) // Евразийский Союз Ученых — публикация научных статей в ежемесячном научном журнале. PDF архив. ; ():-. 10.31618/ESU.2413-9335.2019.8.60.32-36

КӨНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ СОҒЫС ӨНЕРІ

Оразбай С.Т.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық

қорғаныс университетінің 3 курс докторанты,

Қазақстан.

Андатпа. Мақалада қазақ даласын мекендеген көне дәуірдегі көне түркілердің соғыс өнерлері мен тактикалары өзектеледі. Сол кездегі біздің ата-бабаларымыздың соғыс тактикалары, атты әскерлерді пайдалану осы бүгінгі таңда аспанда ғарыш әлемін меңгерген озық елдердің технологиясымен тепе-тең деуге болады. Сақтардың стратегиясы соғыста күшті дұрыс бағалай білу, оны өз пайдасына өзгертіп алуымен сипатталады. Көне түркілер соғыс іс-қимылдарында жеңіл әрі ыңғайлы, ықшам, шұғыл, қауырт қимылға икемді қару-жарақтарды жасаған және соғыс стратегиясын жағдайға қарай өзгертумен әрі тиімді шешім қабылдауымен байқалады.

Кілт сөздер: соғыс, әскери өнер, тактика, тарих, ескерткіш, қолбасшы, әдіс.

ИСКУССТВО ВОЙНЫ ДРЕВНИХ ТЮРКОВ

Оразбай С.Т.

Докторант 3 курса Национального Университета обороны имени Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы,

Казахстан.

Аннотация. В статье актуализируются боевые искусства и тактики древнетюркских тюрков, населявших казахскую степь. Война наших предков, использование конных войск сегодня на небесах равноправно с технологией передовых стран, владеющих космическим миром. Стратегия саков характеризуется правильным умением оценивать силу на войне, изменением ее в свою пользу. Древние тюрки создавали легкие и удобные, компактные, быстрые, оперативные, новейшие вооружения и отличались в военных действиях принятием эффективных решений по изменению военной стратегии.

Ключевые слова: война, военное искусство, тактика, история, памятник, командующий, метод.

 

ART OF WAR OF ANCIENT TÜRKS

Orazbai S.T.

Doctoral candidate of the 3 course of the National University of Defense named

after the First President of the Republic of Kazakhstan — Elbasy,

(E-mail: Saule0703@mail.ru), Kazakhstan.

Abstract. The article updates the martial arts and tactics of the ancient Turkic Turks who inhabited the Kazakh steppe. The war of our ancestors, the use of equestrian troops in heaven today, on equal terms with the technology of advanced countries that own the space world. The Sakov strategy is characterized by the correct ability to evaluate force in a war, changing it in its favor. The ancient Turks created light and comfortable, compact, fast, operational, modern weapons and differed in military actions by making effective decisions to change military strategy.

Key words: war, military art, tactics, history, monument, commander, method.

Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта тарих сахнасына шығып, екі ғасырға дейін өмір сүріп қазақ халқының негізін құраған сақ тайпалары Олар Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерлерін мекендеген. Осы далада көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүріп, түркі тілді тайпалар бірлестігінің тіршілік кеңістігі бұдан да кең болған. Өздерінің мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын қалыптастырып, әлемдік өркениеттің өте биік үлгісін көрсеткен.

Қазақстан Республикасының кең байтақ жерлерінде ашылып жатқан археологиялық қазба жұмыстарының жетістіктеріне мән берсек, сақ тайпаларының мәдениеті биік дәрежеде дамығанын, әсіресе әскери стратегиялық тактикаларының деңгейі жоғары деңгейде болғанын байқаймыз. Оған дәлел Есік қорғанынан табылған Алтын киімді адам, оның асынған қару-жарақтары және Шіліктегі Бәйгетөбеден аршылып алынған үшінші Алтын адамның киімі.

Сақ тайпаларының Қазақстан Республикасының әскери тарихында және әскери өнерінде алатын үлкен орны бар. Олар ұзын семсерлі, найза, жауынгерлік балта, жебелі шағын садақтармен қаруланып, қорғаныс құралдары сауыт, бас киім, қалқанды пайдаланған. Сақ тайпаларының әскери соғыс өнері сол дәуірдегі өз заманына тән, жетілген, озық өнері ретінде танылған. Сақ тайпалары үздіксіз соғысып отырған. Сондықтан болар тарихшы ғалымдар сол дәуірдегі сақтардың соғыс өнерін «Сақ дәуірі – соғыс тактикасының шыңдалған кезеңі» деп жоғары бағалаған. Сақ тайпалары жеңген тайпалардың сарбаздарымен толықтырылып отырған. Сақ тайпаларының парсылармен, гректермен шайқасқан қырғын ұрыстарын ескерсек, сақ тайпаларының үлкен де әрі күшті тайпалардың бірі және сол кездегі заманауи қару-жарақтармен қаруланғанын көрсетеді. Оған 530 жылы Әмудария өзенінің бойында Тұмар патшайым (Томирис) басқарған сақ тайпалары мен парсылардың арасында үлкен шайқас болып, парсы патшасы II Кирді өлтіргені әскери соғыс өнерінің үздік шеберлері болғанын дәлелдейді. Сақ тайпалары парсы әскерінен шегіне отырып, оларды шатқалға әкеп, сол шатқалда парсыларды қырып салады. Егер жаудың күші басым түссе, сақтар соғыспай өз жеріне шегіне отырып, жау әлсіреген сәтте шегініс жолын кесіп, жауды қоршауға алып, жойып отырған. Көне түркілердің ең көп қолданатын көшпелілерге тән соғыс тәсілдерінің бірі қаша жүріп ұрыс салу. Осы әдіс қазақ халқының «Бөрі бүлкек», «Қоян қашты соғысы» әдістеріне ұқсас. Қазақ халқы жаумен шайқасқан кезде әртүрлі әскери тактикаларды қолданып, оларды өздерінің дүние-танымына қарай атап отырған.

«Бөрі бүлкек» әдісі – артынан қуып келе жатқан жауларынан тым алыстап кетпей, қарасын көрсете қашып, олардың дымын құртып шашыратып барып қайтарма шабуылдап соққы береді.

«Қоян қашты соғысы» – өздері әдейі қашып, бөлініп қуған жауды қоршап алып, жою тәсілі. Алдыңғы әскер легін жау көріп қалса, оған жақындап барып, садақпен бірнеше рет атқан. Жау сескенбесе, оны алдау үшін кейін шегініп, негізгі әскердің торылуына ілестіріп келген, содан кейін қоршауға түсірген. Егер жаудың күші басым болғанына көзін жеткізген кезде, одан бір немесе екі күндік жерге қаша шегіне отырып, басқа жасырын жолға түсіріп, торуылдай жүріп, қырып салған. Егер бұл әдіспен ала алмаса, он-он екі күндік жерге қаша шегініп кетіп, қауіпсіз бекіністі жерге орналасып алып, бөлшектеніп жеткен жауды жеңу амалын қарастырған. Осы тәсілді көне түркілердің қағаны Құтлық Елтеріс қаған көп қолданған және осы соғыс тәсілі арқылы күш-қуатын арттырып, сарбаздарын көбейтіп отырған. Ол туралы көне түркілердің тарихи шежіресі болып саналатын Орхон, Енисей, Талас жазба ескерткіштері мәтіндерінде көрініс тапқан.

682 жылы Құтлық Елтеріс қаған түріктердің текті руларынан шыққан адамдарды әскер басына қойып, әскери қорғаныс ережелерін білетін адамдарды тартып Қытайға қарсы шабуыл жасайды. Әскери күштерді нығайтуға және дипломатиялық қарым-қатынастарға жауапты адам ретінде Тоныкөкті сайлайды, өзінің екі інісіне ябғу атағын беріп, жаңа шешімдер қабылдап, көк түріктердің басын біріктіріп, 683 жылы Ұлы Қытай қорғаны бойындағы бекіністерді қиратады. Сонымен бірге, тоғыз-оғыз, қырғыз, құрықан, татарларға әскери жорық жасап, бәрін басып алып түрік қағанатын қуатты мемлекетке айналдырады. Осы тарихи оқиға Тұй-ұқұқ мәтінінде мазмұндалады. Мысалы, Bоd qalmady. Yda tašda qalmysyy quubranyp jeti jüz boldy. Ekii ülügi altyγ erti. Bir ülügi jadaγ erti. Jeti jüz kiisig Uduzγyma uluγy šad erti. Jaγ(γ)yl tedi jaγmysy ben ertim bilige Tuj-uquq. Qaγanym[a] uqyysajyn tedim. Saqyndym. Turuq buuqalyy, semiz buuqalyy yyraqda ebliser. Semiz buuqa, turuq buuqa tejin ebilmiz ermis,tejin anča saqyndym. Anda kiisre teŋri bilig bertük üčün özüm ök qaγan qysdym. Bilige Tuj-uquq bojla baγa tarqan birle ilteris qaγan bolajiyn. Berije tabγačyγ, öŋre qytajyγ jyraja oγuzyγ uküs ök ölürti. Bilig esi čab esi ben kürtüm. Čuγaj quzyn, Qara qumuγ olurur ertimiz. Бөд (тақ киесі) қалмады. Орман, тау арасында қалғаны жиылып жеті жүз болды. Екі бөлігі атты еді. Бір бөлігі жаяу еді. Жеті жүз кісін басқарушы ұлығы шад еді. «Бірігіңдер» — деді. Біріктірушісі мен едім – білге Тұй-ұқұқ. Қағаныммен ұғысайын дедім. Ойладым. Арық бұқалының, семіз бұқалының жырақта [барын] білсе де, Семіз бұқа арық бұқаны дәл айыра білмес-ау дедім. Осылайша ойландым. Одан соң көктегі Тәңірі білі бергендіктен, өзім құдіретті қағанмен ұғыстым. «Білге Тұй-ұқұқ Бойла Баға-Тарханмен бірге мен Елтеріс қаған болайын» — деді. Түстікте – табғачты, шығыста – қытайды (Кидан), терістікте – оғызды көп қырды. Білік есі, сөз есіне мен бағындым. Шұғай құзында, Қарақұмда отырушы едік. (Тұй. I. 4-7) [1, 315 б.].

Тарихымызда сақтардан кейін көне түркілердің арғы тегі ғұн тайпалары Солтүстік Қытай, Монғолия, Байкал өңірлерінде мекендеп, жиырма төрт руға бөлініп, III ғасырда өздерінің мемлекетін құрды. Әр руды ақсақалдар басқарған. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда үш рет құрылтай өткізіп отырған. Ғұндар жауларымен соғысқанда жаулап алу әдісін көп қолданған. Және де тез орын ауыстыра алатын атты әскерлермен жасақталған. Салт атты әскерлері садақ, жебе, семсер, қанжар, найзамен қаруланған. Ғұндар негізінен айбынды жауынгерлер болған, ұрыс кезінде қатты айғайымен ерекшеленген. Олар жылдам қимылдап, жауларының мойнына арқан салып өлтіру, сол кездегі ұрыс алаңындағы айла-тәсілдерінің бірі болған. Көптеген әскери жорықтарының бірі Қытайлармен шайқасуы, Батысты Рим империясын құлатуы. Ғұн әскерлерінің айбаттылығынан Қытай өздерінің ұлы қорғанын салуға мәжбүр болған. Қытай деректемелерінде сол дәуірдегі ғұндардың әскері үш жүз мыңдай сарбаздармен жасақталғаны туралы мәлімет бар. Сондай-ақ, олар ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөрмен таңбалауды білген.

Ғұндардан кейін Қазақстанның әскери тарихын одан әрі көне түркілер жалғастырған. V-VIII ғасыр аралағында түрік текті тайпалық бірлестіктер: қыпшақ, тоғыз-оғыз, басмыл, қарлуқ, түргеш, отыз-оғыз, осы алтауы Түрік қағанатының алтын бағанасы болған. Осы түркі текті тайпалық бірлестіктерінің өз алдына қағанаты болған. Кейіннен Түрік қағанатының көк туының астына жиналған. Түріктер қағанат орталығын Орда, хандықтардың орталығын Алаш деп атаған. Осы алты тайпа «Алты Алаш» атанған. Қазіргі қазақ халқының ата-бабалары жауға атойлап «алаш» деп ұрандап шапқан. Моңғолияның астанасы Улан-батыр қаласының бастысына қарай орналасқан Шатыртау (Майхан-уул) қыратынан 2011 жылы табылған кесененің археологиялық қазба жұмыстары барысында алты тудың тұғыры, тудың ағаш сабы, матасының қалдықтары табылған. Осы алты ту көне түркілердің құрамындағы алты тайпаның туы болуы мүмкін. Олар көне түркі жазуын қолданған. Көне түркі жазуы Сібір, Монғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғыстан, Оңтүстік Ресей жеріне дейін таралған. Оның таралған үлкен аймағы V-VIII ғасырлар аралығында Ұлы Түрік қағандығы, одан бөлініп шыққан Батыс, Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк түркілер (Түрік қағандығы) мемлекеттерінің мекені мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Көне түркілер Ұлы Жібек жолының үлкен жолын басқарған. Әскери жорықтарда жужандармен, тоғондармен, қидандармен, соғдылармен, бұлғарламен ұрыс жүргізіп, жеңіске жеткен түркілер Орталық Азия, Жетісу, Хорезм, Арал теңізін, Солтүстік Кавказды, Маньчжурияны өзіне бағындырып, үлкен империяны құрайды.

Көне түркілер туралы профессор Л. Гумилевтің: «Түркілердің көк сауытты көкжалдары қытайдың жаяу сүңгішілерімен де, Иранның атты атқыштарымен де иық тіресе соғысатын күшті жау болған. Мойнынан қара санына дейін малындыра темір сауыт киген» [2, 67 б.] — деген дерегі көне түркілердің айбынды жауынгерлер болғандығын дәлелдейді.

603 жылы Батыс Түрік қағандығы Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағын, Шығыс Түрік қағандығы Монғолия аймағын бөліскеннен кейін үлкен мемлекет әлсіздене бастайды. Осының салдарынан 630-680 жылдары аралығында іргелі тайпалардың арасында бірліктің болмауына байланысты Қытайға бағынышты болып, түркі халқы елдігінен айрылып қала жаздады. Ол туралы Тұй-ұқұқ жырында айтылады. Мысалы, Türük bodun qanyyn bolmajyn tabγačqa adyryldy, qanlandy. Qanyyn qoodyp tabγačqa jana ičikdi. Teŋri anča temis erinč. Qan bertim. Түрік халқының қағаны жоқ еді. Табғачтан бөлініп, қағанды болды. Қағанын айырылып, Табғачқа және бағынды. Тәңірі былай деген-ді: қаған бердім. (Тұй. I. 2) [1, 315 б.].

679 жылы Түрік қағанаты қайта орнап, Бұғ чордың тұсында Түрік қағанаты тіпті күшейіп, Таң империясына бірнеше рет соққы беріп ойсырата шабады. Одан кейін Білге қаған таққа отырып, оның інісі Күлтегін екеуі Түрік қағанатына қараған барлық тайпаларды тізе бүктіріп, қытайларды қолбасшысымен бірге қырып салады. Осы тарихи дерек Білге қаған мәтінінде айтылады. Мысалы, […tab]γačyγ süsi bir tümen artuqy jeti buŋ süg ilki kün ölürtim. Jadaγ süsin ekinti kün quup ölürtim. Bi[…]tirilip bard[y…] […j]oly süledim. Otuz artuqy sekiz jašyma qyysyn qytaj tapa süledim […otuz artuq]y t[oquz ja]šyma jazyn tataby tapa sü[ledim…] men […] ölürtim. Oγylyn, jotyzyn, [jy]lgysyn, barymyn [altym…]jere quu[p] bodunyn bod[un… jo]tyzyn2 joq qyldym […] / […] табғачтың он жеті мың әскерін алғашқы күні қырдық. Жаяу әскерін екінші күні қуып қырдық. […] жиылып барды […]. […] рет аттандым. Отыз сегіз жасымда қыста қытайға (кидан) қарсы аттандым. Отыз тоғыз жасымда жазда татабыға қарсы аттандым. […]. Мен […] өлтірдім. Ұлын, қатынын, жылқысын, барын алдым. […] бағындырып халқын Халық …[…] қатынын жоқ қылдым. (БК. II. 1-4) [1, 260-261 б.].

Көне түркілер алыс жорықтарға екі-үш атты қосарлап мініп, бас қаруларын сайлап, сауыт киінген. Көптеген соғыста қолданатын іс-қимылдармен бірге ат үстінде отырып шоқпар лақтырудан, жаяу жүріп қылыштасудан түркілердің соғысу өнерін жақсы меңгергендерін байқауға болады.

Шайқас кезінде әскерді басқарып, оған дыбыстық белгі беру үшін әскер құрамында сырнай, дауылпаз, керней, дабыл ойнайтын арнайы сарбаздар болған. Жаумен шайқасар кезінде көбіне батырлардың жекпе-жегімен басталатын болған. Жаумен соғыста жекпе-жектер бірнеше күнге, тіпті айға дейін созылған. Жекпе-жек – әскери өнердегі жауынгерлердің жетістіктерін айқындайтын батырлар айқасының төресі. Жауға қарсы шыққан жорықтарда көне түркілердің бір ерекшелігі әскери-аңшылық тактикасы. Сонымен бірге соғыста көп қолданған «Үлкен жарық соғысы», «Ошақ соғысы», «Құйрық жеу соғысы», «Ұры соғысы», «Көз алдау соғысы», «Моңғол диірмені соғысы», «Жұлдыз шашу», «Жылжымалы қамал соғысы» сияқты әскери тактикалар да көне түркілердің, нақтырақ айтқанда қазақ халқының соғыс өнерінің қайталанбас озық үлгілері.

«Ай қораланды соғысы» – жауын айналдыра сырттан қоршап алып, біртіндеп қыса түсетін тәсіл. Жауды қоршауға алып, жеке-жеке жоя отырып, жаудың тылмен байланысын үзіп тастап отыру тактикасы. «Тұлғама» және «тұлғамыш» тәсілі – бұл сөз көне түркі тілінде «қоршап алу» және «қарату» деген ұғымды білдіреді. Тұлғама – жауды қоршап алып, қоршаудағы жауға не оның тылына шабуыл жасау. Бұл әдіс Күлтегін мәтінінде көрініс тапқан. Мысалы, Toγuz erig igire toqydy. Ediz bodun anda ölti. Üčünč bo[lču]da oγuz birle süŋüšdimiz. Kül-tigin azman aqyγ binip tegdi, sančydy. Süsin sančydymyz. Ilin altymyz. Törtünč čuš bašynda süŋüsdimiz. «Тоғыз ерін қоршап қырды. Едіз халқы сонда қырылды. Үшінші рет Болчуда оғыздармен соғыстық. Күлтегін Азбан ағын мініп шапты, шаншыды. Әскерін найзаладық. Елін алдық. Төртінші рет біз Чуш басында соғыстық» (КТ. II. 6) [2, 189 б.].

Тағы бір айта кететін әдіс алтын, күміс, жақсы киім, көз қызығатын заттарды беріп, алдау арқылы елін сатуға итермелеу тәсілі. Осы әдісті жазба ескерткіште табғаштардың қолданғанын көрсетеді. Түркі халқына алтын-күміс беріп, тәтті сөздерімен алдап түсіреді. Бұл әдіс «Күлкінің артына пышақ жасыру айласы» – орай келмеген кезде барынша ақкөңіл, аңқау, сабырлы болу, бірақ құпия түрде барлық әзірлікті толассыз жасау, жағдай пысып жетілгенде арыстандай айбаттанып шыға келу. Тәтті сөздерді айта отырып, артына өздерінің негізгі мақсаттарын қойып, соған қарай ұмтылыс жасау әдісі Білге қаған мәтінінде мазмұндалған. Түркілерге өлетін болдың деп ескертеді. Мысалы, ermiš. Süčig sabyn jymšaq aγysyŋa arturyp üküš türük bodun öltüg. Türük bodun üleskiŋ. Birije čuγaj jyš tögültün jazy qoonajyn tiser türük bodun ülesikig. Anda jaγ kisi anča bošγurur ermiš. Yraq erser jablaq aγy birür. Jaγuq erser edgü aγy birür tip anča bošγurur ermiš. Bilig bilmez kisi ol sabyγ aly jorjur ertig. Teŋri ilig ol jergerü busar türük bodun ölteči sen. «Тәтті сөзі, асыл ақығына алданып, түрік халқы, өлдің. Түрік халқы [сенің] үлесің. Беріде Шұғай жынысына, Төгүл-түн жазығына қонайын десең, Түрік халқы, өз үлесің. Сонда жау кісілер былай азғырған еді: «Жырақ кетсең жаман ақығ /қазына/ бебер, жақын жүрсең жақсы ақығ (қазына) берер» — деп, осылайша азғырған еді. Білік білмес (ақылсыз) кісі сол сөзді алып (сеніп), жақын барған еді. Тәңірлік елің ол жерге барса, түрік халқы, өлімшісің сен» (БК. IV. 5, 6) [2, 262 б.].

Қазақ даласын мекендеген көне дәуірдегі көне түріктердің соғыс өнерлері мен тактикалары туралы айтылды. Сол кездегі біздің ата-бабаларымыздың соғыс тактикалары, атты әскерлерді пайдалану осы бүгінгі таңда аспанда ғарыш әлемін меңгерген озық елдердің технологиясымен тепе-тең деуге болады. Тарихшы Геродот өзінің тарихи жазбаларында сақтардың атты меңгергендері сонша, олар соғыс қимылында сақтардың атты әскерлері жауды талқандап қана қоймай жаудың арғы шебіне дейін тіліп өтетін болған деп жазады. Сондай-ақ Қазақстанның әскери тарихында да сақтардың мықты империя құрғаны туралы айтылады. Мысалы, «Они оказывали достойное сопротивление персам, македонянам, китайцам, византийцвм, арабам, западноевропейцам, славянам. Многие тактические приемы бли заложены в степняках генетически. Сочетание основ военного икусста оседлых народов и собственных приемов позволили тюркам создать могучую империю на просторах Евразии.» [3, 27 б.].

Қорытындылай келе кез-келген халықтардың мемлекет болып қалыптасуына арқау болған армиясының тарихы ерекше орын алып, келер ұрпаққа бабалар салған сара жолды насихаттау да Отан алдындағы әр азаматтың мүддесі. Біздің ата-бабамыз – сақтардың стратегиясы соғыста күшті дұрыс бағалай білу, оны өз пайдасына өзгертіп алуымен сипатталады. Сондай-ақ байқайтынымыз көне түркілер тиімді стратегиялық шегініс жасау әдісін қолданып жауды жеңіп отырған. Көне түркілер соғыс іс-қимылдарында жеңіл әрі ыңғайлы, ықшам, шұғыл, қауырт қимылға икемді қару-жарақтарды жасаған және соғыс стратегиясын жағдайға қарай өзгертумен әрі тиімді шешім қабылдауымен байқалады.

Шартты белгілеулер мен қысқартулар

БК. Білге қаған мәтіні

КТ. Күлтегін мәтіні

Тұй. Тұй-ұқұқ мәтіні

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жолдасбеков М., Сартқожаұлы Қ. Орхон ескерткіштерінің толық Атласы. –Астана: Күлтегін, 2005. –360 б.
  2. Гумилев Л.Н. «Көне түркілер». –Алматы: Білім, 1994. –502 б.
  3. Военная история Кзахстана / Под общей редакцией И.Н. Тасмагамбетова. –Астана, 2015. –628 с.
  4. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы»: оқу құралы. –Алматы: Білім, 2008. –320 б., суретті.
  5. Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәст.рлері). –Алматы: «Дәуір», 1996. –256 б.
  6. Кызласов И.Л. Древнетюрская руническая письменность Евразии (Опыт палеографического анализа). Институт археологии АН СССР. –Москва, 1990. –180 с.
  7. Сартқожаұлы Қ. «Орхон мұралары» 1 кітап. Тарихи-танымдық этнографиялық әдебиет. –Астана, 2003. –392 б.
Список литературы:


Записи созданы 9819

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх
404: Not Found404: Not Found