Номер части:
Журнал

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ҚОЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (22-24)



Науки и перечень статей вошедших в журнал:
Авторы: Zhaylauova M.K., Esbolova G.K.
DOI:


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ҚОЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жайлауова Манат Кенесовна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, пед.ғыл.кандидаты, Қызылорда қ.

Есболова Гулнур Култаевна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты, Қызылорда қ.

Аннотация

В статье рассматриваются особенности организации поддержки учащихся начальных классов. Обоснована необходимость учета индивидуальных особенностей детей младшего школьного возраста при организации педагогической поддержки. Рекомендовано использовать коррекционно-развивающие игры для поддержки гиперактивных детей.

Abstract

The article discusses the features of the organization of support for primary school students. The necessity of taking into account the individual characteristics of children of primary school age in the organization of educational support is substantiated. It is recommended to use correctional educational games to support hyperactive children.

Ключевые слова: педагогическая поддержка, период адаптации, групповые формы поддержки, гиперактивные дети, коррекционно-развивающие игры.

Keywords: pedagogical support, adaptation period, group forms of support, hyperactive children, correctional and educational games.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін орта мектеп оқушының тұлғасын жан-жақты дамытуға бағытталған. Бұл мектептегі алғашқы күннен бастап, білім алушылардың ақыл-ой күштерімен бірге физикалық күштерін де белсендіруді талап етеді. Білім беруде баланы педагогикалық қолдау – бұл педагогикалық әрекеттің айрықша саласы. Ол баланың даралық ретінде өз бетінше қалыптасуына бағытталған. Мұнда дамушы субъект ретінде баланың құндылығы көрініс тапқан.

Кіші мектеп жасындағы балалардың бірінші сыныпта оқуға бейімделу кезеңіне ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені білім алушылардың психологиялық, физикалық жағдайы соған тәуелді. Бұл кезеңде туындайтын кез келген қиындықтар білім алушының көңіл-күйі мен денсаулық жағдайына, оның жұмыс қабілетіне әсер ете отырып, мұғаліммен, сыныптастарымен байланыс орната алмауына және мектеп ережелерін орындай алмауына, нәтижесінде төмен үлгерім көрсетуіне әкеліп соғады. Көбінесе білім алушы бұл қиындықтарды өз бетінше жеңе алмайды. Оған мұғалім тарапынан көңіл бөлу және қамқорлық, көмек пен қолдау қажет. Мұғалімнің дәл осындай көмегін педагогикалық қолдау деп атауға болады.

Педагогикалық қолдау проблемасын зерттеген ғалымдардың еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларын қолдау шкалалары анықталған.

Бірінші шкала «Мектеп өміріне қанағаттану» бойынша оқушылар өз өмірлеріне риза ма, оларға оқыған ұнай ма, соның бәрін байқауға болады. 3 баллдан төмен балл алатын оқушылар алаңдаушылық тудырады. Бұл – мектепте өзін қолайсыз сезінетін балалар. Мәселен, біз бақылау жүргізген 2-сыныпта мұндай оқушылар саны 11 болды. Бұл көп. Факторлардың жиынтығы өз рөлін ойнады: қалыпты жағдайлар өзгерді; бағасыз оқыту бағамен оқыту формасына көшті; шетел тілі қосылды; кейбіреулер мектепке бармаса болмайтынын түсінді.

Екінші шкала. Достық қарым-қатынастар. Сыныптастардың бір-біріне қарым-қатынасы олардың мектептегі жетістіктерімен айқындалады, егер балада мектепте бәрі жақсы болмаса, онда сыныптастарымен қарым-қатынас құру да оңай емес. Бұл жерде тағы да мұғалімнің көмегі қажет.

Үшінші шкала. Мектептегі жайсыздық оқудағы табыспен тығыз байланысты, сондай-ақ ол жиі отбасылық жағдаяттан туындайды. Жақсы үлгіретін, сабаққа жауапкершілікпен қарайтын балалардың арасында мазасыздық деңгейі жоғары балалар бар. Жайлылық олар үшін қымбатқа түседі. Оларға айрықша педагогикалық қолдау қажет, себебі мектептегі мазасыздық қалыпты емес төмен бағамен байланысты. Бұл оқуда бастауыш сынып оқушыларының өз білімдерін көрсетуіне кедергі келтіреді.

Төртінші шкала баланың өз күшіне сенімділік дәрежесін бейнелейді. Өзін-өзі бағалауға мектептегі жетістіктер, сондай-ақ жақын адамдардың: ата-аналарының, достарының, мұғалімдерінің пікірлері өте күшті әсер етеді. Өзін-өзі бағалауды арттыра отырып, оқушы өз күшіне сенімділікті игереді, оқу нәтижелерін жақсартады және тұлғалық жағынан өседі.

Бесінші шкала. Саулық. Біз өзін нашар сезінетін баланы медициналық көмек алу үшін жолдай аламыз, бірақ педагогтың бақылауы медицина қызметкеріне баға жетпес көмек болады.

Оқытудың айрықша эмоционалды-ұнамды ахуалын құруға көңіл бөлу қажет. Өз оқу әрекетіне ұнамды қолдау ала отырып, әр оқушы табыс жағдаятында жұмыс істей алады.

Педагогикалық қолдау  мұғалім мен балалардың жеке дара және топтық өзара әрекеті формасында және профилактикалық (превентивті) және жылдам (оперативті) сипатта болуы мүмкін [1].

Қолдаудың топтық формасы:

  • Бұл бала мектеп өмірі жағдайына бейімделетін оқу жылының басы немесе каникулдан кейінгі кезең болуы мүмкін. Ұзақ үзілістен кейін баланың оқу әрекетіне енуі эмоционалдық және психологиялық тұрғыда алғанда оңай емес. Баланың мұндай жағдайын түсіне отырып, әрекеттің жылдамдығын өсіру, жұмыстың ойындық шығармашылық формаларын пайдалану, балаларды көбірек қозғалысқа түсіруге, сурет салуға, әңгіме құрастыруға немесе шағын әңгімелер жазуға тарту қажет.
  • Ұқсас проблемалары бар балалар топтарымен жұмыс. Бұл топтарды мұғалім диагностикалар немесе күнделікті бақылаулар нәтижесінде құрады (мысалы, белгілі бір пәндер бойынша үлгермеушілер, ұялшақтар, өздеріне сенімсіздер).
  • Оқушыларды өзінің қабілеттерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін аша алатын ұжымдық шығармашылық істерге (бірлескен жорықтар, табиғаттағы сабақтар) қатыстыру.

Педагогикалық қолдаудың  жеке дара формалары:

Кең тараған және салмақты педагогикалық проблеманың бірі — бастауыш сынып оқушыларының тұрақсыздығы проблемасы.

Шамадан тыс қырсық, ренжігіш, төбелескіш немесе кез келген ескертуді уайымдайтын, жылауық және қорқақ балалармен өзіңді қалай ұстауды біле бермейсің. Басқаларға қарағанда олар кәдімгі мектептік жағдаяттарды қауіптің көзі ретінде қабылдайды.

Мұндай балалар тақтаға шығудан қорқады, олардан сабақтың ортасында сұрған дұрыс, оларды жауап беру кезінде асықтыруға болмайды, оларға ойлану үшін уақыт берген жөн.

Оларды жиі мадақтап отыру қажет, әсіресе бала бір нәрсені жасай алмай, енді жасауды үйренген кезде. Мұндай қатынас үйде де орын алуы тиіс.

Сондай-ақ сыныпта үнемі көзге түсуге, сыныптың фонында бөлектенуге, мұғалімнің назарын өздеріне аударуға тырысатын балалардың басқа тобы бар. Олар айқай салуы, орындарынан ұшып тұруы мүмкін. Мұндай балаларға жиі ұрысуға болмайды, мадақтауды да сақтықпен қолдану қажет. Егер мұғалім мұндай баланы жазалағысы келсе, оған көңіл бөлмей қоюына болады. Егер бала өзін жақсы ұстаса, оны кішігірім көңіл білдіру белгілерімен марапаттауға болады.

Аталмыш педагогикалық техникаларды қолдана отырып, проблемаға басқаша көзқараспен қарайтын боласың, «…күрес» позициясы «мен сені қамқорлығыма аламын…» позициясына ауысады [2].

Мінез-құлқында ауытқушылық, соған байланысты оқытуда қиындықтары бар бастауыш сынып оқушыларының проблемалары қазіргі таңда өзекті болып отыр. Үнемі зейінсіз, бір орында отыра алмайтын және көп шулайтын мұндай балалар мұғалімнің назарын өздеріне қадап қояды. Егер бала гипербелсенді болса, ол ғана емес, оның жан-жағындағылар да — ата-анасы, сыныптастары, мұғалімдері- қиындықтарды бастан кешіреді. Мұндай бастауыш сынып оқушылары сабақта үнемі өз істерімен айналысып отырады, оларды бір орында ұстап тұру мүмкін емес, тапсырманы тыңдауды және оны аяғына дейін орындауды күштеп істете алмайсыз. Олар мұғалімді «естімейді», бәрін жоғалтады, бәрін ұмытады. Өздерінің шамадан тыс белсенділігі мен импульсивтілігі арқасында олар мұғалімге қолайсыздық тудырады.

Мәселен, бірнеше жыл бұрын бастауыш сыныптарда гипербелсенді балалар әр сыныпта 1-2 оқушыдан болды, ал қазір бұл топқа оқушылардың 20–30 %-ға жуығы кіреді. Сыныптағы гипербелсенді балалардың бұл пайызы үнемі өсіп отырады. Осындай орын алған проблемаларға қарамастан, бұл гипербелсенді бастауыш сынып оқушысының интеллектуалдық функциялары бұзылмаған. Мектеп ортасының талаптары бастауыш сынып оқушысының мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда мұндай балалар жалпы білім беретін орта мектептің бағдарламасын табысты игере алады [2].

«Активный» –латын тіліндегі «aktivus» «әрекетті» деген сөзден шыққан. «Гипер»- грек тілінде «Hyper»- «үстінде», «жоғарыда» – «нормадан асыру» деген мағынаны береді. Гипербелсенділік қалыпты, жас ерекшелігіне сәйкес келетін баланың дамуына тән емес ыждағатсыздықтан, алаңдаушылықтан, импульсивтіліктен көрініс табады.

Мұндай балаға да дер кезінде көмек пен қолдау қажет. Олай болмаған жағдайда келешекте әлеуметтік бейімделмеген немесе тіпті психопатиялық тұлға қалыптасуы мүмкін. Бұл жағдайда педагогикалық қолдаудың жеке дара формаларын: балалардың эмоционалдық күйі мен мінез-құлқын түзетуге бағытталған жеке дара әңгіме, түрлі педагогикалық техникалар мен тәсілдерді пайдалануға болады.

Гипербелсенді балаларды педагогикалық қолдау мақсатында қолданылатын түзетуші-дамытушы ойындар бірнеше типтерге бөлінеді:

Қабылдауды дамытуға арналған ойындар.

Бұлшық ет пен эмоционалдық қозуды түсіруге арналған ойындар.

Басқару дағдыларын дамытуға арналған ойындар.

Қарым-қатынас жасау білігін бекітуге арналған ойындар [2,3]. Енді түзетуші-дамытушы ойындардың бірнешеуіне тоқталып өтейік.

Жаттығу «Сиқырлы орам».  Өзін-өзі реттеуді қалыптастырады. Ойын кезінде баланың қолына ашық жіптің орамын байлау қажет. Балаларға орамның сиқырлы күші бар екені, оны қолына байлаған адам тез тынышталатыны айтылады.

Ойын «Суретті аяқта». Ересек адам тақтаға суреттің кез келген бөлігін салады. Осыдан кейін балалар кезекпен тақтаға шығады және суреттің жетіспей тұрған бөлігін салады. Осылайша бірлескен сурет пайда болады.

«Құс». Баланың қолына кез келген үлпілдек және жұмсақ зат беріледі, ертегі айтылады. Баланың мақсаты – құсты өзінің жылуымен және демімен жылыту.

Ойын «Айқайлаймын – сыбырлаймын – үндемеймін». Түрлі түсті картоннан 3 түрлі алақанның таңбасын қию қажет: қызыл, сары және көк. Олар команда-сигналдарды бейнелейтін болады. Ересек адам қызыл алақанды көтереді – жүгіруге, айқайлауға, қатты шулауға болады; сарыны көтереді – тыныш қозғалуға және сыбырлауға болады; көкті көтереді – балалар орындарында қатып қалулары керек.

Гипербелсенді балаларға мына төмендегі бірнеше қызықты ойындар мен жаттығуларды ұсынуға болады: «Алақанның соғысын тыңда», «Келіңдер, амандасайық», «Толқындар», «Қолдармен әңгіме», «Партадағы ойындар».

Гипербелсенді балалардың бәрі сусымалы материалдармен ойнағанды ұнатады, бұл ұсақ моториканы дамытады және жүйке жүйесін тыныштандырады.

Құммен ойындар психоэмоционалдық күйді, ұсақ моториканың дамуына ықпал етеді. Кішкентай балалар құмда суреттер мен фигуралар салса, ересектеу балалар таяқпен немесе саусақпен әріптерді, сөздерді жаза алады. Құмға сурет салу шыдамдылықты, моториканы дамытады.

Құммен ойын қалай өткізіледі? Бірінші кезекте балаларды құмның мүмкіндіктерімен, оның құрғақ болатынымен, ал егер су құйса, ылғал болатынымен таныстыру қажет. Оны алақанның ортасында ұсақтауға, қысуға, жылан және саусақтың таңбаларын жасауға, жануарлардың іздерін бейнелеуге болады.

Балалар «Құпия», «Қазынаны тап» ойындарын өте жақсы көреді. Жүргізуші ойыншықтарды, бақалшақтарды, тастарды құмға көміп қояды, ал бала көзін жұма отырып, затты сипалайды, не екенін білуге тырысады немесе оны жай қазып алады. Құм мен су бар ойын үстелдері гипербелсенді балалар үшін өте қызықты болады.

Оқу үдерісінде қиындықты сезінетін балалармен жұмыс кезінде әр балаға жеке дара қатынасты қолдану, оның ішкі күйіне назар аудару, олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажет.

Сонымен, педагогикалық қолдау – түгелдей білім алушының ішкі күштері мен қабілеттеріне назар аударуға негізделетін тәрбиені айрықша ұйымдастыру. Сондықтан білім алушының өз белсенділігі, қиындықтарды жеңу тәсілдерін іздеу тілегі маңызды. Ал мұғалімнің міндеті — баланың кез келген таңдауын қолдау және өзінің әрдайым көмектесуге дайын екенін білдіру.

Әдебиеттер тізімі:

1.Михайлова Н.Н. Педагогика поддержки: Учебно-методическое пособие. – М.: МИРОС, – 2011. – 208 с.

2Лютова К.К., Монина Г.Б. Тренинг эффективного взаимодействия с детьми. – СПб.: Издательство «Речь»,– 2007. – 186 с.

3.Монина Г.Б., Лютова – Робертс Е.К., Чутко Л.С. Гиперактивные дети: психолого – педагогическая помощь. Монография. – СПб: Издательство «Речь», – 2007. – 190 с.

Записи созданы 1350

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх