Nurtazinova Akbayan Serikovna
Candidate of Economic Sciences. Associate Professor
of Economics and Law at the University of Zhezkazgan
Omarova Gulzhanat Umirbaevna
Master of Economics. Teacher of Ekonomics and Law at the
University of Zhezkazgan
Usenova Akmaral Alimhanovna
Teacher of Ekonomics and Law at the
University of Zhezkazgan
Abdrakhmanova Indira Bolatovna
Master of Economics. Teacher of Ekonomics and Law at the
University of Zhezkazgan
Impact of immigration on the activity of banks of the Republic of Kazakhstan
Нұртазинова Ақбаян Серікқызы
Экономика ғылымдарының кандидаты, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің доценті, Жезқазған қаласы
Омарова Гүлжанат Өмірбайқызы
Экономика ғылымдарының магистрі, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің оқытушысы, Жезқазған қаласы
Усенова Ақмарал Алимхановна
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің оқытушысы,
Жезқазған қаласы
Абдрахманова Индира Болатовна
Экономика ғылымдарының магистрі, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің оқытушысы, Жезқазған қаласы
Жаханданудың қазақстан республикасы банктерінің қызметіне әсері
Summari: The article provides for the evaluation of the second-tier banks of the Republic of Kazakhstan in lending. The market of banks of the second level of the Republic of Kazakhstan was analyzed with the current situation, the expertise of scientific sources of information was carried out in order to identify problems specific to this market. As a result of the SWOT analysis of the second-tier banks, specific proposals were developed to reduce weaknesses and threats.
Key words: world economy, financial market, Kazakhstan banking system, World trade organization, SWOT-analysis, asset of bank, competition in the banking sector.
Аңдатпа: Мақалада жахандану кезіндегі Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің қызметін бағалау қарастырылған. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің нарығы ағымдағы жағдаймен талданды, осы нарыққа тән мәселелерді анықтау мақсатында ғылыми ақпарат көздеріне сараптама жүргізілді. Екінші деңгейлі банктерге SWOT-талдау жасау нәтижесінде әлсіз жақтары мен қауіптерді төмендету бағытында нақты ұсыныстар жасалды.
Түйін сөздер: әлемдік экономика, қаржы нарығы, Қазақстанның банк жүйесі, Дүниежүзілік сауда ұйымы, SWOT-талдау, банк активтері, банк секторындағы бәсеке.
Кіріспе
Қазақстан әлемдік экономикалық кеңістікті белсенді ете отырып, барлық мөлшерде Жаханданудың ықпалын сезінеді. Банктер несиелеу көлемін қысқартуға мәжбүр болды. Несие ала алмаудан халықтың тұтыну белсенділігі төмендеді. Жай ғана халық емес, бизнес өкілдері де өздерінің банктер несиелеу көлемін қысқартуға мәжбүр болды. Нәтижесінде орта және кіші банктердің жағдайы нашарлады. Ал аман қалған банктер өте ауыр шарттармен несие беруді бастады.
Қазақстан Республикасы қаржы нарығы елдеріндегі басқа да нарықтар сияқты баға кесудің едеуір төмендеуін бастан кешірді, көптеген коммерциялық банктерде өтімділікпен және ағымдағы міндеттемелерді орындаумен байланысты проблемалар туындады, банкаралық нарықта барынша шиеленіскен жағдай орын алды. Қалыптасқан тенденцияның заңды салдарын Қазақстанның банктік жүйесінің өтімділікті жоғалту қаупіне айналды.
Банктік сектордағы дағдарыстың асқынған келесі негізінен еңсерілді, дегенмен, экономикалық белсенділіктің төмендеуі банктерді қабылданған тәуекелдерді қайта бағалауға бағыттайды, осыған байланысты банктік тәуекелдерді басқару проблемалары ерекше маңыздылыққа ие болады.
Жаһандық экономиканың проблемаларын терең әрі жан-жақты зерттегенде, оның Қазақстан экономикасына тигізетін қаупін анықтау басты шараға айналды.
Оның үстіне 1996 жылдан бері еліміз Дүниежүзілік Сауда ұйымына (әрі қарай – ДСҰ) бақылаушы ретінде келеді. Егер жағымды жағын көрсе, құрамына кіруді мақсат тұтады.ДСҰ-әлемдік экономикалық Жаханданудың бастаушысы. ДСҰ-ға кіруде Қазақстан үшін жағымды да, жағымсыз да жақтары бар.
Жағымсыз жақтарын қарастырсақ, Қазақстан шикізат өнімдері мен табиғи ресурстарды өңдеу секторы жағынан бәсекелестікке ие. Бұдан басқа салаларда бәсекеге қабілеттілік өте төмен, әсіресе ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіпте.
Сонымен бірге Қазақстаннан кедендік салықтардың мөлшерін азайтуды талап етеді, алдағы уақытта ол тарифті көтеру құқығынан айырылады. Барлық қызмет салаларындағы кедергілер мен шектеулерді алып тастауға тұра келеді, әсіресе қаржылық қызметте көп жүзеге асады. Отандық қаржылық институттарының қалпы әлі тұрақты емес, ал сақтандыру бизнесі енді дамып келеді. Бұл қадам еліміздің бюджетіне айтарлықтай өзгеріс әкеледі.
Барлық жағымды және жағымсыз факторларды қорытындылайтын болсақ, Жахандану дәуірі әлемдегі барлық адамдарға көптеген мүмкіндіктерді ашады. Сатылымның ұлғаюы, жаңа технологиялар, шетелдік инвестициялар экономиканың өсуіне және адамзаттың даму прогрессіне әсер етеді. Таяқтың екі ұшы бар дегендей, зияны да бар екенін жасыра алмаймыз: терроризм, қаржылық ағынды бақылаудың қиындығы, криминалдық құрылымның пайда болуы, сонымен бірге ұлттық және әлемдік нарықты, ұлттық және аймақтық нарықты түгелдей қамтып кетеді.
Сондықтан ортақ бірыңғай экономикалық, саяси, ақпараттық, мәдени орта не қоғам құру арқылы еуразия халқы, оның ішінде қазақстандықтар қазіргі Жаханданудың барлық шарттарын қиналыссыз қабылдай алады.
Тәжірибелік бөлім
Жаһандану дегеніміз (ағылш. Global — «әлемдік, дүниежүзілік, жалпы» жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастықтың құрылуының үрдісі. Жахандану» термині алғаш рет Гарвард бизнес университетінің профессоры Теодор Левитт 1983 ж. «Гарвард бизнес ревью» журналында жарық көрген «Нарықтар Жахандануы» мақаласында пайдаланған[1].
Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті А.Мартинелидің пайымдауынша, Жахандану технология, қаржы, ақпарат саласындағы жаһандық тәуелсіздік пен қоғамдардағы қарама қайшылықты шиеленісіп өршітеді[2].
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша, Жахандану — жанданған халық кездестіретін жауапты құбылыс.[3]
Орыс академигі Н. Симонич пікірінше «әлемнің халқының төрттен үш бөлігі Жаханданудағы болып жатқанындардан хабарсыз» деп көрсетеді[4].
Жалпы, әлеуметтануда Жахандану теорияларын көптеген ғалымдар қозғаған болатын. Олар: Р.Робертсон, Э.Гидденс, Э.Валерстаин, М.Арчерд, т.б.
Э.Тирикьяни сиякты қазіргі зерттеушілер әлеуметтанудағы классикалық әлеуметтану парадигмаларынан кейінгі классикалықпен немесе модернистікпен алмастыру қажет деп тұжырымжайды[5].
Барлық зерттеушiлер экономиканың жаhандануын қарама-қайшы феномен екендігін анық көрсетеді.
Жахандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейіндегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге Жахандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кіру міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады.
Сонымен қатар жаһандық теңсіздік ғаламдық тепе теңдіктің де бұзылуы болып табылады. Бұл өз кезегінде ғаламдық әділеттілік мәселесін көтереді, өйткені ғаламдық теңсіздік біреулерге пайда монополиясын, ал екінші біреулерге ауыртпалық әкеліп отыр. Соңғы жағдайда, келісуге болмайтын көптеген кедей адамдардың шектен шыққан күйзелісі, кедейлік, тапшылық және бай азшылықтың асып-шалқып өмір сүруі. Осылайша, байлар баю үстінде, ал кедей халықтың саны күн санап артуда.
Осылайша, әлемдік экономиканың қазіргі жағдайында жаһандық трансформация жолдарын одан әрі дамыту үшін «бифуркациялық нүктесіндегі» жаңа деңгейге өркениет эволюциясына өтуі тиіс. Ол халықаралық қатынастардың жаңа парадигмасын табу мәселесін өзектендіріп, жалпы өркениет тұрғысында экономикалық Жахандану философиясын түсінуге негіздеген.
Нәтижелер мен талқылаулар
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы банктік жүйесі Ұлттық банктен бөлек 33 екінші деңгейдегі банкпен көрініс тапты, олардың ішіндегі 15 банк шетелдік қатысумен, және 11 еншілес банк.
1-кесте — Қазақстан Республикасының банк секторының құрылымы, жыл басына қарағанда
Банк секторының құрылымы | 2013ж. | 2014ж. | 2015ж. | 2016ж. | 2017ж. |
Екінші деңгейлі банктердің саны | 38 | 38 | 38 | 35 | 33 |
— Жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуы бар банктер | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
-Шетелдік қатысуы бар екінші деңгейлі банктер | 19 | 17 | 16 | 16 | 15 |
-Екінші деңгейдегі еншілес банктер | 16 | 14 | 14 | 13 | 11 |
Екінші деңгейдегі банктер филиалдарының саны | 362 | 378 | 395 | 346 | 349 |
Ескерту: кесте авторымен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің статистикалық мәліметтері негізінде құрастырылды |
1-ші кестеден байқап отырғанымыздай Республикамызда соңғы үш жыл ішінде екінші деңгейлі банктердің саны төмендеп отыр, сонымен бірге филиалдардың саны да азайып отыр.
2 — кесте — Қазақстан Республикасы банк секторы кірістілігінің көрсеткіштері, жыл басына қарағанда
Көрсеткіштің атауы | 2013ж. | 2014ж. | 2015ж. | 2016ж. | 2017ж. | 2017-2013 жж. өсу қарқ. пайыз (%) | ||
Табыс салығы төленгенге дейінгі таза кірістің жиынтық активтергеқатынасы (ROA) | 1,88% | 1,77% | 1,67% | 1,15% | 1,64% | -12,77 | ||
Табыссалығытөленгенгедейінгітазакірістіңбалансбойыншаменшіктікапиталғақатынасы (ROE) | 28,11% | 13,15% | 13,43% | 9,36% | 15,18% | -45,99 | ||
|
4,21% | 5,60% | 5,40% | 5,45% | 4,79% | 13,78 | ||
Таза пайыздық спрэд | 2,06% | 2,83% | 2,70% | 4,36% | 4,07% | 97,57 |
Банктердің таза пайыздық маржасының соңғы жылдарда төмендеу динамикасы байқалады. Жалпы соңғы жылда базистік жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13,78 пайызға өскенімен, оның 2014 жылдан бері кішкендей қарқынмен төмендеуі байқалады. таза пайыздық спрэдте келетін болсақ, бұл көрсеткіштің өсу қарқыны біршама жоғарырақ: соңғы есептік жылы ол базистік жылмен салыстырғанда 97,57 пайызға өсіп отыр.
Табыстылықтың дәстүрлі салыстырмалы көрсеткіштеріне көшетін болсақ, банктік сектор орташа жылдық өлшеммен 1,62 пайыз деңгейінде ROA және 15,85 деңгейінде ROE қалыптасып отыр. Бұл көрсеткіштер, өз кезегінде, төмендеу динамикасын байқатып отыр: ROA 2017 жылы базистік жылмен салыстырғанда 12,77 пайызға төмендеген болса, ROE –сәйкесінше 45,99 пайызға. Бұл әлемдік экономикада орын алып отырған дағдарыстық жағдайлардың кесірінен банк клиенттерінің қаржылай жағдайларының төмендеуімен байланысты, әғни банктердің жаһанданудың зардабын шегіп отыр.
Әлемдік жаһанданудың Қазақстанның банк секторының даму деңгейіне тигізген оң әсеріне мыналарды жатқызар едік:
— корпоративтік басқарудың жаңа халықаралық стандарттарының отаңдық практикаға еңгізілуі;
— банктер қызметінің сфералары мен масштабтарының кеңейуі;
— замануи ақпараттық және банктік технологияларының пайданылуы;
— бухгалтерлік есептің және аудиттің халықаралық стандарттарына көшу.
Жаһанданудың жаман жағына көшетін болсақ, бұл, ең алдымен, отаңдық банк секторының әлемдік жаһанды дағдарыстың әсеріне сезімталдылығы.
Дағдарыс кезінде отаңдық банктерде қалыптасқан мәселелер шетелдік банктердің Қазақстан нарығына шол ашты. Елде алғашқы ислам банкі ашылды, ресейлік ВТБ Банкі лицензия алды, тіпті елімізге индия банкі де келді («Puniab National Bank»).
Қазақстанда қызмет атқарып отырған банктердің құрамы келесі кестеде келтірілген.
Байқап отырғанымыздай, елімізде ресейлік банктердің позициясы басымдырақ, сонымен қатар елімізде түріктік, қытайлық банктер белсенді қызмет атқарып жүр.
3 – кесте — Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын шетелдік еншілес банктердің құрамы
Банктік атауы | Шетел капиталының үлесі, пайыз | Банктік келген елінің атауы |
Сбербанк | 100 | Ресей Федерациясы |
Ситибанк Казахстан | 100 | АҚШ |
ВТБ | 100 | Ресей Федерациясы |
Альфа-Банк | 100 | Ресей Федерациясы |
Puniab National Bank | 100 | Индия |
Зират Интернешнл | 100 | Түркия |
Национальный банк Пакистана | 100 | Пакистан |
Шинхан Банк | 100 | Оңтүстік Корея |
Торгово-промышленный банк Китая | 100 | Қытай |
Банк Китая | 100 | Қытай |
Банк Позитив | 100 | Түркия |
Қазақстан Республикасында алғашқы қызмет бастаған шетелдік банктердің бірі Ситибанк. Citigroupтың Қазақстандағы қызметі 1994 жылы басталды, осы жылы компанияның Алматы қаласында өкілшілігі құрылған болатын. Ал 1998 жылы Citigroup компаниясының еңшілес банкі «Ситибанк Казахстан» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банктік қызметті атқаруға лицензиясына ие болып, корпоративтік клиенттерге өз есігін алғаш рет ашқан болатын.
Қазақстан Республикасының Әлемдік сауда ұйымына кіруі қазақстандық қаржы нарығына жаңа шетілдік ойыншылардың тағы да келуіне апаратыны сөзсіз. Бұл отаңдық қаржылай қызметтерді тұтынушылар үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызатыны анық. Осы процестің оң жақтарына тоқталып кетейик.
Біріншіден, шетелдік инвестициялар келеді. Шетелдік банктердің және сақтандыру ұйымдарының Қазақстанға келуі банктік және сақтандыру секторларына тікелей инвестицияларды қамтып, осы салалардың потенциалын арттырады.
Екіншіден, заманауи қаржылай технологиялар импорты арқылы бәсеке деңгейі артады, нәтижесінде бизнесті жүргізу тиімділігі ынталандырылады, ұсынылатын қызметтердің сапасы артып, олардың құны төмендейді және олар тұтынушыларға қол жетімдірек болады.
Үшіншіден, шетелдік банктердің және сақтандыру ұйымдарының отаңдық қаржы нарығына қатысулары олармен басқа салаларға капиталды трансформациялаудың қосымша бір жолы ретінде қарастырылады; бұл ұйымдардың елімізде қызмет атқаруы экономикалық өсудің қосымша факторы ретінде қарастырыла алады.
Әлемдік сауда ұйымына кірген кезде Қазақстан Республикасы қаржылай салаға да қатысты бірнеше міндеттемелерді өзіне жүктеді. Мысалы, филиалды ашуға өтініш білдірген резидент емес банктің, сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымының жиынтық активтерінің минимальді мөлшері кем дегенде сәйкесінше 20 және 5 АҚШ млрд.долларын құрауға тиісті.
Жоғарыда аталған талаптардан құрылатын шектеулер кешеңі бөлшек депозиттердің отаңдық нарығын қорғауды қамтамасыз етеді, көшу кезеңінде банктер адаптациланудан өтеді, активтердің минимальді мөлшері бойынша талаптар ірі қаржылай мекемелердің нарыққа кіру арқылы елдегі қаржылай тұрақтылықты қолдайды.
Жоғарыда аталған міндеттемелерден бөлек, Қазақстанның шетелдік қаржы ұйымы филиалының қызметіне қатысты қосымша пруденциалдық талаптар қоюға құқығы да қарастырылған.
Қазіргі күнде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тарапынан отаңдық банктік заңдылықты реттеудің халықаралық стандарттарына жақындату бойынша жұмыс атқарылуда. Тоқталып кететін болсақ, 2020 жылы Базель III қағидаларына сәйкес капитал және тәуекелге бағытталған қадағалау бойынша банктік стандарттарға және Solvency II қағидаларына сәйкес сақтандыру бойынша регуляторлық стандарттарға көшу көзделіп отыр.
2017 жылдың 3 ақпанында Қазақстанның банктері өзін-өзі сақтап қалуы үшін бірігуге тиіс, деп мәлімдеді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. «Банктер әлсіз, 4 банк қана активтердің 80%-ын ұстап отыр. Қалғандарында – 26%, кейбірінде тіпті 1% ғана. Дағдарыс туындаған кезде әлемдегі ExxonMobil секілді «ірілер» бірікті, Shell және British Gas бірігіп жатыр. Біріксін, немесе банкті сақтап қалғылары келсе акционерлер өзінің жеке қаражатын құйсын. Банкті сақтап қалудың басқа әдісі жоқ», – деді елбасы.
4 –кесте — Қазақстан Республикасының банк секторындағы банктердің бірігуінің SWOT- талдауы
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
— Қазақстанның банктік жүйесін нығайтуға және біріктіруге; | -Клиенттердің сенімсіздігі; |
-ынтымақтастыққа қол жеткізеді; | -IT-жүйесінің бірігуі қиындық тудырады; |
-бизнес-процестерді жақсартуға ықпал; | -қаржылық нәтижелерінің нашарлауы; |
-дағдарыс кезінде қарсы тұру мүмкіндігі; | — мемлекетте жүретін ұзақ әрі күрделі процесс; |
-жұмыс тиімділігі арттырылады; | |
— қызмет көрсету аумағы да кеңейеді | |
Мүмкіндіктер | Қауіптер |
-Банктің активтер сапасының өсуі; | -қаржы саласына тигізетін салдары; |
-Инвестициялық әлеуітің жоғарылауы; | -банк капиталының тапшылығы; |
-Қызмет көрсету сапасының көтерілуі; | -сенімділігінің төмендігі; |
-банк жүйесінің тұрақты болу мүмкіндігі; | — проблемалы несиелердің зияны; |
-ҰБ-тің қаржылық мәселелерін шешу; | -нарықтағы банктер санының кемуі; |
-eліміздегі бәсекелестікті арттырады; |
Қазіргі уақытта әлемде консолидация трендке айналып отыр. Консолидацияның да сау және сау емес түрі болады. Оның мәжбүрлі түрде өткізілетін кездері болады. Осы кезге дейінгі бірігу процесі осындай болды деп ойлаймын. Ол кездері сау және сау емес екі банкті біріктіруге тырысты. Соңында кереметтей нәтижеге қол жеткізілмеді. Сондықтан консолидация процесінде ең біріншіден сауықтыру қажет. Бұл жерде қандай да бір саяси көзқарас рөл ойнап отырған жоқ.
Қорытынды
Қазіргі таңда жаһандық экономикалық кеңістікті қалыптастыратын құбылыстар әлемдік масштабта елдер арасындағы интеграциялық үдерістерді күшейтіп келеді. Жахандық үрдістер мемлекеттердің өзара экономикалық құрылымдарын қайта реформалауына, жаңа экономикалық саясат қалыптастыруына ықпал етеді. Қазақстанның жаһандық, аймақтық интеграциялық үдерістердегі белсенділігі айқындалған.
Бүкіл әлем елдерінің экономикалық өзара өсуі және банк бизнесінің трансформациясы, халықаралық қаржы қатынастарының күрделігінің арттуы және кеңейуінің нәтижесінің тұрғысында мынадай факторларға әсер етеді:
-ұлттық банк жүйелерінің халықаралық нарық капиталының өсуіне байланысты;
-әлемдік қаржы нарығындағы банктер мен басқа да қаржы институттары арасындағы бәсекелестіктің күшеюі;
-ұлттық экономиканың ашықтық дәрежесін арттыру;
-банктік стандарттауды қадағалау;
-ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту.
Жаһанданудың сондай-ақ халықаралық банктік бизнестің сипатына әсер етеді, банктік және қаржылық нарығын ырықтандыру процесін байқауға аса мән береді.
Банк ісінің әртүрлі түрлері қаржы қызметінің арасындағы институционалдық айырмашылықтарды жойады деген бірқатар жетекші ғалымдармен келіспеу мүмкін емес: коммерциялық, инвестициялық, сақтандыру. Бұл қаржы нарықтарындағы бәсекелестіктің сипаты мен нысандарының өзгеруіне әкеледі. Көптеген қаржы нарығының сегменттерінде бәсекелестік бір уақытта өседі.
Сонымен қатар бұрынғыдай банктік бәсекелестік банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қуатты бақылау механизмі болып табылады. Банк бәсекелестерінде басқа банктер ғана емес, сондай-ақ, ырықтандыру кезіндегі резидент және резидент емес басқа да қаржы ұйымдары болып табылады. Ырықтандыру, сондай-ақ банктік бизнесті аумақтық әртараптандыруға әкеп соғады, және бүкіл әлемдегі халықаралық банк жағдайының жақсаруына ықпалын тигізеді.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы банктің секторының дамуы позитивті болуына қарамастан, жаһанданудың әсері банктік секторға өзінің үлкен әсерін тигізіп отырғанын байқауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Теодор Левитт. Глобализация рынков [Текст] / Андрей Минин //-2015г.
- Мартинели М.Н, Бойченко А.В. Глобализация мирового хозяйства [Текст] / М.Н. Мартинели, А.В. Бойченко // М. учебное пособие под ред./ инфра-м. -2011-С. 5-6.
- Назарбаев Н.Ә. Жахандану жағдайында Қазақстан республикасының әлемдік экономикаға интеграциялануы [Мәтін] / Ә.Н.Назарбаев //-2012.-Б. — 5.
- Симонич Н. Глобализация и неровномерность мирового развития [Текст] / Симонич Н. // — №3- С. 35.
- Э.Тирикьян Жаханданудың қазіргі теориялары [Текст] / Э.Тирикьян 2014