Номер части:
Журнал
ISSN: 2411-6467 (Print)
ISSN: 2413-9335 (Online)
Статьи, опубликованные в журнале, представляется читателям на условиях свободной лицензии CC BY-ND

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (21-24)



Науки и перечень статей вошедших в журнал:
DOI: 10.31618/ESU.2413-9335.2019.6.60.21-24
Дата публикации статьи в журнале:
Название журнала: Евразийский Союз Ученых — публикация научных статей в ежемесячном научном журнале, Выпуск: , Том: , Страницы в выпуске: -
Автор: Zhaylauova M.K., Zhyzeev S.E.
, ,
Данные для цитирования: Zhaylauova M.K., Zhyzeev S.E. . БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (21-24) // Евразийский Союз Ученых — публикация научных статей в ежемесячном научном журнале. PDF архив. ; ():-. 10.31618/ESU.2413-9335.2019.6.60.21-24

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жайлауова Манат Кенесовна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, пед.ғыл.кандидаты, Қызылорда қ.

Жүзеев Серікхан Әлханұлы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің PhD докторанты, Қызылорда қ.

Аннотация

В статье рассматриваются особенности использования этнопедических обычаев и традиций в профессиональной подготовке будущих учителей начальных классов.Обоснована неободимость подготовки будущих учителей начальных классов к формированию у учащихся начальных классов стремления сохранить обычаи и традици своего народа. Рекомендовано использовать обучение, поиск, исследование, игру, опыт, ситуации и др. методы.

Abstract

The article discusses the features of the use of ethnopedagogical customs and traditions in the professional training of future primary school teachers. The necessity of preparing future primary school teachers to form a desire to preserve in primary school students is substantiated customs and traditions of their people. It is recommended to use training, search, research, game, experience, situations and other methods.

Ключевые слова: профессиональная подготовка, новые подходы, обновление содержания образования, инновационная профессиональная деятельность, методологическая культура.

Keywords: vocational training, new approaches, updating of the content of education, innovative professional activity, methodological culture.

 

Қазіргі қоғамда болып жатқан аталмыш өзгерістер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа тұғырлардың пайда болуын қамтамасыз етеді.

Білім мазмұнын жаңарту, тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің білім беруге қажеттіліктерінің өзгеруі үдерісінде педагогикалық білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырыс қалыптасады. Ол инновациялық кәсіби іс-әрекетке қабілетті, әдіснамалық мәдениеттің қажетті деңгейін меңгерген және өмір бойы үздіксіз білім беру үдерісіне қалыптасқан дайындығы бар педагогтардың жаңа ұрпағын даярлауға қойылатын талаптардан көрініс табады.

Көптеген жылдар бойы адамзат педагогика мен мектептерсіз балаларды оқыту мен тәрбиелеуді білді, өмірде қажет қасиеттер мен дағдыларды қалыптастырды. Халық педагогикасының негізі – дәстүр, ал дәстүр – аға буын ұрпақтан жас ұрпаққа берілген, белгілі бір топтарда бекітілген әдет-ғұрыптар, бұйрықтар, ережелер. Дәстүрдің болуының басты шарты — оларды сақтау және тарату болып табылады. Дәстүрлер әр халықтың өмірінде қалыптасады және өмір сүреді, олардың сипаты халық өмірінің ерекшеліктері мен тарихи жағдайларына сәйкес келеді. Ұрпақ тәжірибесін нығайту және одан әрі дамыту үшін қолда бар тәжірибені кейінгі ұрпаққа қолдана отырып, жеткізу рухани құндылықтарды одан әрі дамыту мен жинақтау механизмі болып табылады, ол – ұрпақтан ұрпаққа ақпарат берудің бір жолы. Табиғи іріктеу үдерісінен, уақыт пен жаппай тәжірибе сынағынан өткен дәстүрлер ғана сол халықтың құндылық қағидаларына, өзгермейтін әдеттеріне, әлеуметтік психологияның маңызды компонентіне, қорыта айтқанда, ғылымның және жеке тұлғаның психологиялық қорын білдіру құралына айналады. Ұлттық психологияның бір бөлігі бола отырып, дәстүрлер белгілі бір дәрежеде қоғам дамуына әсер етеді.

Этнопедагогикалық дәстүрлер мен салт-дәстүрлер қай кезең болмасын педагог кадрларды кәсіби тұрғыда даярлау мәселесінде де басты назарда тұрғаны белгілі. Мәселен, Еуропа педагогикасының негізін салушы Я.А.Коменский, швейцар педагогы И.Г.Песталоцци, көрнекті француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо халық педагогикасының білім беру әлеуетін жоғары бағалаған. Педагогика классиктері педагогикалық пікірлерді, шешімдерді және халық «педагогикасын» зерттей отырып, халықтың білім алуына теориялық негіздеме беруге тырысты.

Я.А.Коменский «Ана мектебі» идеясы негізінде отбасының педагогикалық тәжірибесіне талдау жасады. Ол халық ауыз әдебиеті үлгілері мен салт-дәстүрлерді зерттеуші ретінде «Чех тілінің қазынасы» атты өзінің ең бірінші туындысын жарыққа шығарды [1].

И.Г.Песталоцци «Аналарға арналған кітап», «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?», «Лингарт және Гертруда» шығармаларында ол оқымаған отбасының педагогикалық тәжірибесіндегі табысқа жету үшін халықтық тәрбиенің қандай рөлі барлығын көрсетеді. Оның пікірінше, тәрбие үдерісінде қандай да бір белесті бағындыруға танымал білім беру тәжірибесін меңгеруден бұрын баланың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда халықтық педагогиканың маңызы зор екендігін алға тартады.

Француз ағартушысы, саяси ойшылы және философы Жан-Жак Руссо өз халқының этикалық нормаларын дамытты. Оның көзқарасынан адамның адамгершілік қасиеттері «еңбекқорлық, қарапайым өмір мен әдет-ғұрыптар, адалдық және турашылдық, сайып келгенде, азаматтық, халық мүддесін жеке мүддесінен жоғары қою» бірден көзге түседі. Жан-Жак Руссоның еңбектерінде білім берудің басты міндеті ретінде адамның адамға зорлық-зомбылық көрсетпеуі, тұлға болып қалыптасуда өзінің табиғи бейімділігі мен қабілеттерін дамыту қажеттілігі көрініс береді[1].

XIX ғасырда «ұлттық педагогика» терминінің пайда болуы орыс педагогы К.Д.Ушинский есімімен байланысты. Ол ұлттық білім беру мен тәрбиелеу идеясын дамытты, ұлттық тәрбие ерекшеліктеріне мән бере отырып, орыс халқының мінсіз, идеал адамын қалыптастыруға назар аударды [2].

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау проблемаларын зерттеу кезеңінде «этнопедагогика» түсінігін талдауға, сондай-ақ «ұлттық педагогика» мен «этнопедагогика» ұғымдарының арасындағы шекараларды айқындап алған жөн. Этнопедагогика – бұл педагогика ғылымының және халық педагогикасының дара бір бұтағы. Этнопедагогика саласындағы жүйелі зерттеулердің басталуы XX ғасырдың екінші жартысына жатады. «Этнопедагогика» термині алдыңғы ұрпақтан алған тәжірибеге негізделген жас ұрпақты даярлауды білдіретін «этнос» (грекше «тайпа», «үйір», «адамдар тобы») және «педагогика» деген екі ұғымды біріктіреді. Көрсетілген этнопедагогикалық мәселе «этнос» ұғымын терең талдауды және қарауды талап етеді. «Этнос» түсінігі «халық», «әлем халқы» мағынасына сәйкес келеді»[6, 7].

Қоғамдық этнопедагогикалық мәдениетті зерттеу бұл оның өзіндік ерекшелігіне ерекше назар аударатын мәселе екенін дәлелдейді. Әрбір ұлттың өзіндік мәдениетінде әлемдік өркениетті байыта алатын көп нәрсе бар. Сондықтан барлық халықтардың педагогикалық жүйелерінде табылған элементтерді негізге ала отырып, біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлауда үлкен жетістікке жете аламыз.

Жаңа дәуір, мыңжылдықтың өзгеруі көптеген ұлттарды өздерінің өткені және болашағы туралы ойлауға мәжбүр етеді. Ең дұрыс нәрсе – жіберген қателіктеріміз бен кемшіліктерімізді түсінуден бастау. Бұл – қоғамның дамуы жолында алғышарттар жасай алатынымызды түсіну. Солай жасай отырып, педагогикалық ғылымның жеке тұлғаны қалыптастырудағы өзінің мүмкіндіктерін аямайтын ерекшелігін бағамдауымызға болады.

Әрбір ұлт өзіндік дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен ерекшеленеді, ол оның ұзақ тарихи дамуы кезінде өмір сүре отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды орын алады. Осылайша халық педагогикасының идеялары ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибеге негізделеді: дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, білім берудің мазмұны мен әдістері – болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тұлғасына әсер етудің барлық құралдары, онсыз оның маман ретінде толық қалыптасуы туралы айту қиын.

Халықтық педагогиканың адам өмірінде, баланы оқыту мен тәрбиелеу, ең бастысы, сол жас өскінді дұрыс жолға салуға тер төгетін кәсіби мамандарды даярлауда айрықша орын алатынын қазақ ағартушылары өз еңбектерінде тілге тиек еткен.

М.Жұмабаев педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айта келе, өзінің «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»[3, Б.21].

Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ мамандарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеті де біреу, ол – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын кемел, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. «Тәрбие бағдарламасында»: «Үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие, ал оны жүзеге асыру үшін педагог кадрларды облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында ұлттық тәлім-тәрбие курстарынан жүйелі өткізу, сондай-ақ болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары оқу орындарында этнопедагогиканы арнайы курс немесе жеке оқу пәні етіп ендіруді» ұсынуы да қазіргі педагогтарды аталмыш бағытта даярлауда біраз жұмыстардың атқарылғандығын көрсетеді[4].

Ғалым Қ.Бөлеев: «Бүкіл қазақ халқына, әсіресе жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру – ел болашағының негізі екенін ескерсек, болашақ мұғалімдерге мамандықтарының профиліне қарамай жалпы (базистік) этнопедагогикалық білім беру қажеттігі туындайды. …Барлық мұғалімдік мамандықтарда «Қазақ этнопедагогикасы» және «Қазақ этнопедагогикасының тарихы» оқу пәндерін оқу жоспарына ендіріп оқыту, олардан арнайы курстар, семинарлар және факультативтер ұйымдастырып өткізу, ғылыми-зерттеу және педагогикалық практика кезінде ұлттық тәрбие беру бойынша жұмыстар жүргізу арқылы болашақ мұғалімдерге жүйелі этнопедагогикалық білім мазмұнын беруді» ұсынады[5].

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін этнопедагогикалық дәстүрлер мен қазақ халқының әдет-ғұрыптары негізінде оқыту әртүрлі әдістердің (оқыту, іздеу, ойын, педагогикалық тәжірибе, жағдаят) этнопедагогикалық іс-қимыл қағидасы негізінде жүзеге асырылады, онда студенттер білімге деген қатынасты тиімді түрде қалыптастырады және дамытады. Этномәдениет, этнопедагогикалық білімді кеңейту, ынталандыру, этникалық сәйкестік және мінез-құлық, плюрализм (пікір алуандығы) мен толеранттылықты (төзімділік) дамыту, сондай-ақ меңгеру – мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің маңызды компоненті.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлығын тиімді ұйымдастыру үдерісінде оның төмендегі жағдайлармен байланысы бар екенін анықтауға болады: 1) этнопедагогикалық дәстүрлер мен сол халықтың әдет-ғұрпына негізделген заңдылықтар; 2) ұлттың этникалық мәдениетін игерудің сапасы; 3) оқытушы мен болашақ мұғалімнің мақсатты қарым-қатынасы; 4) этнопедагогикалық ойлауды дамыту; 5) болашақ мұғалімнің тәуелсіз этнопедагогикалық іс-әрекеті; 6) жалпы этнопедагогикалық білімдер мен дағдыларды меңгеру деңгейі; 7) мамандардың жеке этнопедагогикалық дәстүрлерді, оқу жоспарлары мен элективті курстар пәндерін оқып-үйренуде жаңа технологияларды игеруі; 8) дидактикалық-технологиялық жағдайлар (халық мәдениетінің құндылықтарын кезең-кезеңімен игеру, этномәдени білім беру технологиясын енгізу, ұлттың фольклорлық және отбасылық мәдениетіндегі архетиптік және типтік халық бейнесін меңгеру); 9) психологиялық және педагогикалық (кәсіптік білім берудегі ынталандыру мен белсенділігі, т.б.); 10) ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеті 7].

Сонымен, болашақ бастауыш сынып мұғалімі өзінің кәсіби даярлығында төмендегі жайттарды білуі шарт: а) этикалық педагогиканың мақсаттарын, идеяларын, ұғымдарын, қағидаларын, тұжырымдамаларын; ә) халықтық педагогика білімінің мәнін, әдістерін, көздерін түсіну; б) халықтың еңбек дәстүрлері мен олардың педагогикалық маңызын білу; в) дәстүрлі нысандарын білу, балаларды еңбекке тәрбиелеу және оның әдістерін білу, дәстүрлі халық қолөнерінің негізгі түрлерін білу, материалдар мен олардың қасиеттері, материалдарды өңдеу технологияларын үйрену; г) халықтық қолөнердің құндылығын, оқушыларды еңбекке үйретудегі және тәрбиедегі қолөнер шеберлігін, халықтық педагогиканың идеяларын пайдалану жолдарын, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі еңбек дәстүрлерін түсіну[5].

Әдебиеттер тізімі:

  1. Джуринский А.Н. История образования и педагогической мысли за рубежом и в России / Джуринский А.Н. –Спб., 2001. –394с.
  2. Ушинский К.Д. Педагогические сочинения: в 6 т. Т.2 / Ушинский К.Д. – М., Педагогика, 1988. –564с.
  3. Жұмабаев М. Педагогика. –А., Рауан, 1994. –101б.
  4. Қазақстан Республикасы Білім жалпы білім беретін мектептердің I-XI сынып оқушыларына арналған тәрбие бағдарламасы. – Алматы, 2006
  5. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби даярлау. –А., Нұрлы әлем, 2004. –304б.
  6. Асанов Ж. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығының теориясы мен практикасы. –А., Ғылым, 1999. –228б.
  7. Нұғманова Х.Е. Халықтық педагогиканы болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығында пайдалану. –Қызылорда, 1999. –109б.
Список литературы:


Записи созданы 9819

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх
404: Not Found404: Not Found