Site icon Евразийский Союз Ученых — публикация научных статей в ежемесячном научном журнале

ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ДЕФИНИЦИЯНЫҢ МЕТАМӘТІНДІК БЕЛГІЛЕРІ (43-46)

Терминологиялық дефиницияның метамәтіндік белгілері

Айдарбек Қарлығаш Жамалбекқызы

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Филология ғылымдарының докторы, доцент

Айдарбек Қарлығаш Жамалбекқызы

Института языкознания имени Ахмета Байтурсынова

Доктор филологических наук, доцент

Дәулетхан Анел Дәулетханқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

2-курс магистранты, Алматы қаласы, Қазақстан

Дәулетхан Анел Дәулетханқызы

Казахский национальный университет имени Ал-Фараби

2-курс магистрант, город Алматы, Казахстан

Түйіндеме: Мақалада ғылым және техника салаларындағы қазақ және ағылшын тілдеріндегі терминдер дефинициясының метамәтіндік сипаттамалары зерттеледі. Метамәтін тілдік бірлік ретінде негізгі мәтінді ұйымдастырады, құрылымдайды, негізгі ақпарат ұғымының мәнін түсінуге көмектеседі және ақпаратты жіберушімен, қабылдаушының өздеріне немесе өздерінің саналарына назар аудару, психикалық күйіне ой жүгірту секілді қасиеттерін сипаттайды. Ғылым және техника салаларындағы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі терминдер дефинициясының метамәтіндік сипаттамаларын зерттеу метамәтінді тар және кең мағынада қарастыруға мүмкіндік береді: яғни метамәтіндегі мәтін және метамәтін ретінде.

Тірек сөздер: дефиниция, мәтін, метамәтін, метамәтіндік жалғаушы сөздер, термин.

Аннотация: В дaнной стaтьe рассматриваются метaтекcтовые хapaктеристики тepминологической дeфиниции нaучно-технических терминов. Метaтекст оргaнизует основной текст, cтруктурируeт его, помогaет понять оcновную инфоpмацию и облaдaет cвойством рефлексии. Терминологическaя дeфиниция является кoмпoнeнтом нaучного текста, объектом которого представляется тeрмин как языковой знак. Исслeдование метaтекстового хapaктера тeрминологической дефиниции научно-технических тepминов позволяет рaссмaтривать метaтекcт дeфиниции как метатекст в текcте и как cобственно метaтекст.

Ключевые слова: дефиниция, метатекст, метатекстовые элементы, термин, текст.

Abstract: This article is mainly intended to draw attention to the metatext characteristics of a terminological definition on the material of Kazakh, Russian and English scientific and technical materials. The terminological definition is the component of a scientific text, the object of which is a term as a linguistic sign. The semantics of scientific terms realized through the text (a metatext). Also, the classification of the metatext is wide-ranging, that language facilities which make up the metatext. It describes not only how the author creates ideas, also it can establish a link with the addressees. The study of the metatext nature of terminological definition in scientific and technical materials allows us to consider the metatext of the definition in its narrow and the metatext itself.

Key words: term, definition, text, metatext, metatextual elements.

Мәтамәтін мәтінді мәнмәтінмен сәйкестендіруге көмектесетін және тұлғааралық ерекшеліктердің гетерогенді жиынтығын қамтитын кең ауқымды түсінік болып табылады. Авторды мәтінді құрылымдайтын құралдар әртүрлі болғандықтан, метамәтіндердің жіктелуі де кең ауқымды болып табылады. Метамәтін құрамына кіретін тілдік құралдар автор идеяларды қалай жасайтынын қана емес, қабылдаушылармен байланысты қалай орнатынын да сипаттайды [6].

Метамәтінді мәтінді қабылдаудағы адресаттың интенциясы, мәтінді қоғамдық кеңістікте ақпарат тасымалдайтын бірлік ретінде мәтінді қабылдаудың прагматилық және референттік мазмұны сияқты кеңістіктен тұрады. Логикалық тұрғыдан түйінделген ой, тілдік тұрғыдан санада бейнеленіп, тілде сипатталған тілдік конструкциялар метамәтінде бірігеді. Метамәтін аяқталған, обьективтелген түрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық байланыстармен біріктірілген белгілі бір мақсат пен прагматикалық бағыты бар құрылым болып табылады.

Тіл білімінде метамәтіндік элементтер интерактивті құралдарға (interactive resouces) және өзара әрекеттесу құралдарына (interactional resources) бөлінеді. Ағылшын лингвисі К.Хайленд жіктеген құралдарды А.Крисмор мәтіндік (интерактивтік құралдар) және тұлғааралық (өзара әрекеттесу) құралдары деп бөледі [7, 47-54 б.]. К.Хайленд ұсынған метамәтіндік элементтерін жіктелуін зерттей отырып, кейіннен мәтіндік және тұлғаралық метамәтін ұғымдарын пайдалануды ұсынамыз.

Сонымен, мәтіндік метамәтін адресатқа мәтінді қабылдауға және бағдарлауға көмектеседі, ал метамәтіндік элементтер келесі (белгілерге) жіктеледі.

1) сөйлемдер арасындағы семантикалық қарым-қатынасты білдіретін ауыспалы байланыстар (transitions): сонымен қатар (in addition), бірақ (but), осылайша, тиісінше (thus), және (and);

2) сөйлеу әрекеттеріне қатысты фрейм белгілері (frame markers), мәтіннің реттілігі немесе бөліктері: қорыта айтсақ (finally), қорытындылау (to conclude), менің мақсатым … (my purpose here is to);

3) мәтіннің басқа бөліктеріндегі ақпаратқа қатысты эндофориялық белгілер немесе мәтін ішіндегі референсия (endophoric markers): жоғарыда белгіленген, көрсетілген (noted above), суреттегі (see Fig.), 2-бөлімде (in section 2);

4) басқа мәтіннен ақпарат көзіне қатысты растау белгілері (evidentials): сәйкесінше (according to), Z бекітеді (Z states);

5) оқырманға қабылданатын ақпаратта жақсы меңгеруге көмектесетін түсіндірме белгілері (code-glosses): атап айтқанда (namely), мысалы (e.g.), мұндай (such as), басқа сөзбен (in other words).

Тұлғаралық метамәтін келесі метамәтіндік элементтер тұрады:

1) жазушының пікірге қызығушылығын тудыратын тосқауыл белгілері (hedges): мүмкін (might), мүмкін (perhaps), бәлкім (possible), дерлік (about);

2) күшейткіштер (boosters), жазушының пікірге деген сенімін білдіреді: шын мәнінде, мәні (in fact), әрине, дәл (definitely), анығында … (it is clear that …);

3) жазушының пікірге қатынасын білдіретін қарым-қатынас белгілері (attitude markers): өкінішке орай (unfortunately), мен келісемін/келісемін (I agree), таңқаларлық (surprisingly);

4) байланыс белгілері (engagement markers), оқырмандармен қарым-қатынас жасайтын: пайымдау (consider), көрсеткендей (note that), сіз көргендей … (you can see that …);

5) өзіңіз туралы мәлімет (self-mention) – авторға ашық сілтеме: мен (I), біз (we), менің/менің/менің (my), біздің/біздің (our) [9, 169 б.].

Жоғары аталған метамәтін белгілері ғылыми мәтінмен байланысты және метамәтіннің элементтері арасында логикалық байланыс орнатады. Метамәтіндік элементтердің мәтінде қолданылмауы мәтіннің мазмұнын өзгертпейді. Метамәтіндік элементтер негізгі мәтіннің элементтері арасында байланыс орнатады да, ал мазмұнын толықтырмайды.

Метамәтіндік элементтердің жіктелуін ескере отырып, метамәтін ретіндегі терминологиялық дефиницияларға мынандай метамәтіндік элементтер тән екенін атап өткен жөн: эндофорлық белгілер, ауыспалы байланыстар және түсіндірме белгілер. Мысал ретінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі ғылыми-техникалық әдебиетттері (оның ішінде жылуэнергетика саласының) метамәтін ретіндегі терминологиялық дефиницияларын қарастырамыз.

Ыдырау, ыдырату, ағл. decomposition – құрама затты немесе денені сыртқы әсермен, мысалы, қыздырумен, келісілген деңгейге дейін ажырату [1, 65 б.].

Энтальпияны – кеңейтілген жылу динамикалық жүйеге жатқызбай, қоршаған ортаға жатқызу ыңғайлы, сондықтан, дене мен ортаның, pv ішкі энергиясын сипаттайды (қозғалту жұмысы деп аталады), яғни жүйенің жалпы энергиясын сипаттауы [5, 31 б.]

Ауаның, сулы-булы максималды құрамын қаныққан деп атайды. 1 м3 ылғалды ауа құрамындағы сулы будың массасының абсолютты ылғалдығын ρ (г/м3), деп, ал 1 кг құрғақ ауаның қатынасын — ылғал сақтауы d (г/кг) деп атайды [5, 110 б.]

Convection is the mode of energy transfer between a solid surface and the adjacent liquid or gas that is in motion, and it involves the combined effects of conduction and fluid motion [8, 45 б.].

The expression on the right side of this equation is called the uniform-series present-worth factor. The reciprocal of this factor is the capital-recovery factor (CRF, see Table 1.20), which may be used to convert the expenditures associated with capital investment into an annuity [8, 127 б.].

The reverse of this process, osmosis, is well known: for example, if a membrane is placed to separate water from an aqueous salt solution, and the membrane is semi permeable (here meaning that it permits transfer of water only, not the salt components in the aqueous solution), the water will tend naturally to migrate through this membrane into the salt solution [8, 434 б.].

Жоғарыда келтірілген терминологиялық дефиниция мысалдары метамәтін ретінде сөйлемдер мен сөздер арсында семантикалық байланыс онатып қана қоймай, адресатқа анықталған ұғымның (терминнің) мәнін түсінуге және қабылдауға көмектеседі. Метамәтіндік элементтер байланыс орнату және тұтастық қасиеттерімен терминологиялық дефиницияларды қамтамасыз етеді.

Жоғарыда жүргізілген зерттеулер метамәтіндік элементтер мен метамәтін өзінің лингвистикалық мәні бойынша бастапқы мәтінге қайталама болып табылатынын көрсетеді. Жалпы, метамәтін адресаттың мағыналық қабылдауын және ғылыми білім ақпаратын түсінуге көмектеседі.

Метамәтін ақпарат қабылдаушының ұғым анықтамасының ең маңызды фрагменттеріне назар аударуға көмектесетін тілдік шындықтың нәтижесі болып табылады. Метамәтіннің негізгі функциясы бастапқы мәтінді талдау, түсініктеме беру, сипаттау және таныстыру болып табылады. Кез келегн ғылым ақпаратты өңдеу және алмасу процесі болып табылады, сондықтан, егер адресат автор пайдаланатын терминология мен метатілді түсінбесе, нәтижесінде автордың ғылымға қосқан үлесі өзінің мәнін жоғалтады.

Терминологиялық дефиницияның метамәтіндік сипаты оның құрамында ұйымдастырушы және байланыстырушы қызметті орындайтын метамәтіндік элементтердің мазмұнынан көрінеді. Мәтіндік және тұлғаралық белгілер, ең алдымен, ғылыми мәтінмен байланысты және оның элементтері арасында логикалық байланыс орнататынын атап өткен жөн. Әдетте, мәтінде метамәтін байланыстырушы шылаулар (және, бірақ) және байланыстырғыш үстеулермен (сонымен қатар) құралады. Себебі, бағыныңқы шылаулар мен үстеулер метамәтіндік элементтер ретінде мәтінге семантикалық тұрғыда және грамматикалық дұрыс болу үшін ақпаратты толық ұғынуға ықпал етеді.

Ұсынылған жіктемеге сәйкес ғылыми мәтіндегі метамәтіндік элементтерін анықтау әрекеті мәтіндегі метамәтіндік мәні мен функцияларын ұғыну ғана емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық терминдердің дефиницияларындағы метамәтін элементтерін талдау жасауға мүмкіндік береді. Сонымен салыстырмалы талдау негізінде қазақ және ағылшын тілдерінде ғылыми-техникалық терминдердің мәтінінде метамәтіндік элементтерді қолдануды қарастырайық.

Жұмысты кеңейтуші — изохорлы процессте, жұмыс атқарылмайды және орталық жұмсалған жылу, ішкі энергияны өзгертуге кетеді [5, 394б.]. – Метамәтіндік белгілер: және ( and );

Жылудинамикасының бірінші заңы — энергияның сақгалу заңы және түрленуі, яғни энергия жоғалмайды және еш нәрседен пайда болмайды, ол тек қана, бір түрінен екіншісіне түрленіп ауысады [5, 395 б. ]. – Метамәтіндік белгілер: яғни ( that is );

Әсерлілік – сыртқы немесе ішкі әсерлердің үдерісті немесе құбылысты өзгерту мөлшері. Мысалы, қыздыру, салқындату, әлсірету, байыту (кенді, көмірді т.б.) [2, 25 б.]. – Метамәтіндік белгілер: мысалы ( for example );

Егер, тепе-теңдік процесінің не мына, не басқа бағытта пайда болмауы, сол жұмыстық денеде қалған соңғы өзгеруін қоршаған ортадағы қайтымдылығы деп аталады. [3, 101 б.]. – Метамәтіндік белгілер: не…не ( neither…no );

Газды өңдеу — өндірілетін газдың сапасын қолдану талаптарына сәйкестендіру: тазалау, қоспалау т.б. немесе газдан басқа заттар өндіру». [24 б.]. – Метамәтіндік белгілер: немесе ( or );

Амалсызды конвекция — сыртқы күш әрекетімен пайда болатын қозғалыс, мәселен, сұйық сорғыш, желдеткіш т.б әрекетімен өтеді. [4, 37 б.]. – Метамәтіндік белгілер: мәселен (for example );

Ылғалды ауадағы, будың температурасы, қанығу температурасынан артық болуы мүмкін. Сірә, бұл жағдайда, бу қызған жағдайында болады. Мұндай қоспа, құрғақ ауа мен қызган будан тұруын қаныққан ылғалды ауа деп атайды. [4, 65 б.]. – Метамәтіндік белгілер: мұндай (such as).

The term air-conditioning is usually used in a restricted sense to imply cooling, but in its broad sense it means to condition the air to the desired level by heating, cooling, humidifying, dehumidifying, cleaning, and deodorizing» [3, 60 б.]. – Метамәтіндік белгілер: but (бірақ).

Convection is the mode of energy transfer between a solid surface and the adjacent liquid or gas that is in motion, and it involves the combined effects of conduction and fluid motion» [3, 45 б.]. – Метамәтіндік белгілер: that is (яғни).

In this text we are primarily interested in heat, which is the form of energy that can be transferred from one system to another as a result of temperature difference» [3, 69 б.]. – Метамәтіндік белгілер: which (ол).

The term heat and the associated phrases such as heat flow, heat addition, heat rejection, heat absorption, heat gain, heat loss, heat storage, heat generation, electrical heating, latent heat, body heat, and heat source are in common use today, and the attempt to replace heat in these phrases by thermal energy had only limited success» [3, 263 б.]. – Метамәтіндік белгілер: such as (яғни).

The energy balance method is based on subdividing the medium into a sufficient number of volume elements and then applying an energy balance on each element. This is done by first selecting the nodal points (or nodes) at which the temperatures are to be determined and then forming elements (or control volumes) over the nodes by drawing lines through the midpoints between the nodes. [3, 129 б.]. – Метамәтіндік белгілер: this (ол, бұл).

This higher range of wall superheat, corresponding to segment e-f of the boiling curve in Figure 3.4.3, is referred to as the regime of slugs and columns [3, 245 б.]. – Метамәтіндік белгілер: in figure (суреттегі).

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ғылыми-техникалық терминдердің дефиницияларын салыстырмалы талдау дефинициялардың метатілі үшін ұғымның түріне байланысты терминдердің дәрежесі әртүрлі екенін білуге мүмкіндік береді. Метамәтіндік элементтер болып табылатын тілдік бірліктерді терминологиялық дефиницияда пайдалану метамәтіндік сипатымен байланысты екенін көрсетеді.

Жоғарыда келтірілген мысалдар ғылыми-техникалық терминдердің қазақ және ағылшын тілдеріндегі терминологиялық дефиницияның белгілері жіктемеге сәйкес мәтіндік метамәтінге, атап айтқандаауыспалы байланыстарға, эндофориялық белгілерге және түсіндірме белгілерге жататын метамәтіндік элементтер жиі қолданылатынын көрсетеді. Дефиницияның нақтылығын ескере отырып, метамәтіндік белгілер ғылыми-техникалық терминдердің дефинициясында әрдайым қолданыла бермейтінін атап өткен жөн. Алайда, жоғарыда айтылғандай, дефиниция өзінің мәні бойынша метамәтін болып табылады, өйткені тілді шынайы әлемнің элементі ретінде тануға бағытталған.

Қазақ тіліндегі терминологиялық дефиницияда мынадай метамәтіндік элементтер қолданылады:

-ауыспалы байланыстар: бірақ, емес, немесе, және, әсіресе, демек, бәрінен бұрын және ең бастысы;

— эндофориялық белгілер: қара;

— түсіндірме белгілер: мысалы, яғни, мәселен.

Ағылшын тілінде терминологиялық дефиницияда мынадай метамәтіндік элементтер қолданылады:

— өтпелі бумалар: also, either/or, additionally, or, therefore, hence, and, especially;

— ауыспалы байланыстар: Cf. (confer);

— түсіндірме белгілер: for example, such as, more rarely, like.

Метамәтіннің классификациясына сәйкес метамәтін белгілері терминологиялық дефиницияларды ұйымдастыруға, жүйелеуге және ұғынуға ықпал ететінін көрсетеді. Метамәтін ретіндегі терминологиялық дефиниция мен компоненттерінің арасында логикалық байланыс орнатады, сонымен қатар мағыналық құрылымын анықтайды.

Қорыта айтсақ терминологиялық анықтаманың метамәтіндік сипаты метамәтіндік элементтердің болуынан көрініс табады, олар терминологиялық анықтамаларды үйлестіруге, жүйелендіруге және ұғынуға септігін тигізеді. Анықтамадағы метамәтін оның компоненттері арасындағы логикалық байланысты орнатып қана қоймай, сонымен бірге мағыналық құрылымына да түсіндірме бере алады. Жалпы алғанда, метамәтін ғылыми білім материалын түсіндіруге көмектесіп, ақпаратты алушының мағыналық қабылдауын жеңілдете түседі. Метамәтін ақпаратты алушыға тілдік бағдар беріп қана қоймай, сонымен бірге оның аса маңызды тұстарына көңіл бөлуге көмектесетін тілдік болмыс нәтижесі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Алияров А.Б. Жылуэнергетика терминдерінің түсіндірме сөздігі (қазақша-орысша, орысша-қазақша) / А.Б. Алияров, Б.К. Алияров, М.Б.Алиярова, Б.Жонкешов. – Алматы: Дәуір, 2014. – 142 б.

2 Бақытжанов И. Бу және газ турбиналары мен компрессорлар: оқулық / И. Бақытжанов, Э. Иманқұлов– Астана: Фолиант, 2010. – 184 б.

3 Бақытжанов И. Жылу электр станцияларының қазандық қондырғылары: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2015 . – 336 б.

4 Бектібай Б.Ж. Жылуэнергетика саласындағы өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыру: оқу құралы / Б.Ж.Бектібай, Р.ҚМанатбаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 306 б.

5 Кабашев Р.А. Жылу техникасы: Оқулық/ Р.А.Кабашев, А.К.Кадырбаев, А.М.Кекилбаев. – Алматы: «Бастау» баспаханасы, 2008. – 425 б.

6 Шаймиев В.А. Композиционно-синтаксические аспекты функционирования метатекста в тексте // Русский текст. – М.: Рус. язык, 1996. – С. 80-92.

7 Crismore A., Markkanen R., Steffensen M. Metadiscourse in Modern Persuasive Writing: A Study of Texts Written by American and Finnish University Students // Written Communication. – 1993. – № 10(1). – P. 39-71.

8 Frank Kreith. (Ed.). The CRC Handbook of Thermal Engineering. Boca Raton: CRC Press LLC, 2000.

9 Hyland, K., & Tse, P. Metadiscourse in Academic Writing: A Reappraisal. Applied Linguistics, (2004). 25, 156-177.

404: Not Found404: Not Found