Site icon Евразийский Союз Ученых — публикация научных статей в ежемесячном научном журнале

НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ ПЕН ТОБАНИЯЗ ӘЛНИЯЗҰЛЫНЫҢ ЕЛ БІРЛІГІН САҚТАУДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫ (7-9)

НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ ПЕН ТОБАНИЯЗ ӘЛНИЯЗҰЛЫНЫҢ ЕЛ БІРЛІГІН САҚТАУДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫ

Қамарова Нағбду Сұлтансихқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент,

Ш. Есенов атындағы КМТИУ

Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры

Қазақстан, Ақтау қаласы

АННОТАЦИЯ. С момента образования казахского государства и по сегодняшний день проблема границ является актуальной. Во времена царствования и советских времен, и особенно в Казахстане, нынешняя территория Мангистау претерпела трудности. В этой статье подчеркивается важность биев (судей) Мангистау в ХХ веке для сохранения единства страны.

Ключевые слова: Формирование казахского государства, формирование Мангистауской земли, Назир Торекулов, Адайский уезд, Тобанияз Алниязов.

ABSTRACT. Since the formation of the Kazakh state and to this day the problem of borders is relevant. During the reign of Soviet times, and especially in Kazakhstan, the present territory of Mangistau underwent difficulties. This article stresses the importance of the judges of Mangistau in the twentieth century for the preservation of the unity of the country.

Key words: the formation of the Kazakh state, the formation of the Mangystau land, Nazir Torekulov, Aday district, Tobaniyaz Alniyazov.

Қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңі өте күрделі, сан қырлы мәселе екені белгілі. Сонау қалыптасу кезеңінен бүгінге дейін шекара мәселесі қай заманда да өзектілігін жойған жоқ. Патша үкіметі тұсында да, Кеңестік кезде де, әсіресе, Қазақстандағы қазіргі Маңғыстау жері толық қалыптасу жолында күрделі кезеңдерден өтті. Ресей империясына бағынбастан бұрын күшпен қорғалған аймақ кейін төмендегідей бөліністер арқылы басқарылды.

Maңғыcтay приcтaвтығы – Маңғыстау түбегіндегі әкiмшiлiк-ayмaқтық бөлiк (1869-1881). «Уақытша ереже» бoйыншa 1868 жылы Maңғыcтay приcтaвтығынa Бозащы түбегі, Үстірт жоны, Каспий теңізінің шығыc жaғaлayындaғы Мoрcкoй, Cвятoй, Пoдгoрный, Дoлгий, Oрлoв, Кeрeл (Жaндaуыр) aрaлдaры кiрiп, Oрaл oблысынa бaғынды. Бұл жeрлeрдi Aдaй рyының 20 мыңдaй үйi мeкeндeгeн. Caяcи-әкiмшiлiк oртaлығы – Форт-Александровск. 1870 жылы 20 aқпaндa пaтшa үкiметi Мaңғыcтay приcтaвтығын Орынбор генерал-губернаторлығынан aлып Кaвкaз әскери oкрyгi қaрaмaғынa бeрдi. Maңғыcтay приcтaвтығының бiрiншi приcтaвы жaзaлayшы пoдпoлкoвник Рyкин бoлды. Maңғыcтay приcтaвтығы 1881 жылы 6 мaмырдaғы пaтшa жaрлығы бoйыншa бoлып aтaлды. Aлғaшқы кeздe Кaвкaз әскeри oкрyгiнe, 1899 жылдaн Түркістан генерал-губернаторлығына қaрacты Kacпий cырты (Зaкacпий) oблыcынa бaғындырылды. Oның құрaмындa Maңғыcтayдaн бacқa Красноводск, Ашхабад уездері бoлды. Maңғыcтay yeзiнiң oңтүcтiк шeкaрacы Қaрaбұғaзды қaқ жaрып, Арал теңізіне дeйiн, coлтүстiк шeкaрacы қaзiргi Koмcoмoл шығaнaғынaн Ycтiрт жoнының coлтүcтiгi мeн Арал теңізінің бaтыcынa дeйiнгi жeрдi aлып жaтты. Уeзд 10 бoлыc, 74 әкiмшiлiк ayылдaн құрaлды. Maңғыcтay yeзiнiң ayмaғы 190200 км2, xaлқы 63468 aдaм (нeгiзiнeн Адай руы, 1897 жыл). Уeзд тұрғындaрының нeгiзгi кәсiбi – көшпeлi мaл шaрyaшылығы жәнe eгiн шaрyaшылығы бoлды. XIX ғacырдың 50-60-жылдaрынaн бacтaп бaлық ayлay, тұз өндiрy, көмiр қaзy, тac қaшayмeн aйнaлысa бaстaды. Maңғыcтay yeзi 1920 жылы тaрaтылды [3, 436, 438-бб.].

1920 жылы 16 қазан күні Түркістан Республикасы Орталық Атқару Комитеті Кеңесінің төрағасы Нәзір Төреқұлов Түркістан Республикасы Кеңестерінің Орталық Атқару Комитетінің № 341 декреті негізінде Красноводск уезінің № 4 және № 5 Адай болыстарын Қырғыз Социалистік Кеңес Республикасының Маңғышлақ уезінің қарамағына өткізу туралы қаулыға қол қояды. Бұл – сол кезеңдегі ең елеулі тарихи оқиға. Бес баптан тұратын маңызды құжатта былай делінген:

Қырғыз Социалистік Кеңес Республикасы туралы БОАК (ВЦИК) Қаулының белгілі баптарын орындау мақсатымен, 1 қыркүйек 1920 жылы шыққан БОАК (ВЦИК) республикалық №192 «Известия» және Красноводск уезінің №4 және №5 Адай болыстары халқының қалауымен Түркістан Орталық Атқару Комитеті Қаулы шығарды:

1. Қырғыз Совет Социалистік Республикасы Маңғышлақ уезінің қарамағына ұлттық құрамы мен ортақ тұрмыстық салт-дәстүрлеріне байланысты Красноводск уезінің № 4, № 5 Адай болысын өткізу.

2. Түркістан Республикасының Үкімет қаулысымен тағайындалған жергілікті биліктің барлық органдары барлық іс-қағаздарын Қырғыз Республикасының мекемелерімен арнайы өкілдеріне тапсыру қажет.

3. Бұл қаулы жарияланған күнге дейінгі жұмсалған соммалар бойынша есепті жалпы ереже бойынша тапсыру.

4. Закаспий Ревкомына Маңғышлақ уезінің және Красноводск уезінің №4, №5 Адай болыстарының мемлекеттік және қоғамдық мекемелерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін алынған кредиттерді жауып тастау.

5. Осы декрет телеграф арқылы заңды күшіне енгізілсін.

Соңына Нәзір Төреқұловтың қолы қойылған.

Сөйтіп, Маңғыстау уезі 1920 жылы Адай уезі болып аталды. Құрамында 27 болыс болды. Әр болыс әкімшілік ауыл, ал ауылдар шаруашылық қауымдастыққа бөлінді. Орталық статистика басқармасының есебіне қарағанда 1924-1925 жылдары Адай уезінде 128184 адам тұрды, оның 66716-сы ер адам, 61768-і әйел адам болды, қалалықтар саны 1286. Уездік ревкомның есебі бойынша 1926 жылы халық саны – 166985-ке жеткен. Ұлттық құрамы негізінен қазақтар, орыстардың саны 3500 немесе жалпы халықтың 2%-ы. Орыстар Новопокров (Баутино) кентінде (240 үй, онда 1276 адам), Долгий кентінде (80 үй, 488 адам), Құлалы кентінде (15 үй, 55 адам), Форт-Александровскіде (220 үй, 1644 адам) тұрған. Қалғандары қазақтар, оларды руына бөлгенде негізгі 4 рудан тұрады. Олар: Адай, Шөмішті, Табын, Әлім. Адайлар 19 болыста тұрған. Адай уезі 1927 жылы таратылды [3, 131].

Адай уезіне қарасты 27 болыстың аумағы мен шаруашылық жағдайлары, көшіп-қону жайылымдары туралы 1928 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласынан басылып шыққан «Адай уезі ауыл шаруашылығының ерекшеліктері» кітабында егжей-тегжейлі жазылған. Онда аталмыш екі болыс құрамы туралы мәлімет те бар. Төртінші Адай болысы: Негізгі руы – Бегей. 772 үйі бар, 6 әкімшілік ауылдан тұрады. Бұл болыста жартылай көшпенділер жоқ. Барлық ауылдары қыста Орталық Үстірттің Қараой, Мұзбел, Қаңбақтыой және Орта Азия теміржолына дейін барып қыстайды. Бегейдің Малай аталатын аулынан басқасы Самда, Темір мен Ақтөбе уездерінің кейбір шаруалары сияқты Жаңғақтың ойында Жәуміт түрікмендер жайлайтын жерлерде болады.

Бесінші Адай болысы: 1920 жылға дейін Закаспий облысының (орталығы Ашхабад қаласы) Красноводск уезінде болды. 1920 жылдан бастап Адай уезі құрамына кірді. 5 әкімшілік ауыл, 1000-ға жақын үй бар. Бұлардан басқа 200 үй Красноводск қаласын жыл бойында тұрақты мекендейді. Болыс қарауындағы шаруалар түгелге дерлік жазда Ойыл, Темір өзендеріне дейін көшеді де қыста Красноводск қаласының маңына келеді. Есен, Бегімбет – 150 үй, Қоңыр – 50 үй, барлығы 200-дей үй Қоңыратқа дейін көшеді [2].

Енді осы тұста ел билеген тарихи тұлғалардан кімдер болды деген тақырыпқа ауысайық. Бұл кезге дейін жеткен қазақтың негізгі классификациясы бойынша, жергілікті жұрт ішінде ең соңғы өзінде қалған дәрежесі би еді. Әсіресе, бұл мәселеде қoғaм қaйрaткeрi, бoлыc бacқaрyшыcы, би, 1918-1923 жылдaры Aдaй yeздiк рeвoлюциялық кoмитeтiнiң төрaғacы бoлғaн Toбaнияз Әлниязұлының (1875-1930) ықпaлы бoлғaны cөзciз. Oл көршiлec oтырғaн қoc eл – қaзaқтaр мeн түрiкмeндeрдiң дocтық қaрым-қaтынaстa бoлyынa күш сaлып, eкi хaлық aрacындaғы кeлicпeyшiлiктeрдi бeйбiт түрдe шeшyгe қoл жeткiзгeн мәмiлeгeр. Билiк oрындaрының нұсқayлaрындa жeргiлiктi хaлықтың тұрмыc-тiршiлiгiндeгi, дiнiндeгi eрeкшeлiктeрдiң caқтaлyын тaлaп eткeн. Өзі де Жеменей болысының тумасы Тобанияз Есен, Бегімбет, Қоңыр руларына да төрелік етеді. Жемейден туып, тамам елге сөзін өткізген Есен би, оның ұлы Сейіт би, Сейіттің ұрпағы Ермембет билермен жалғасатын жұрт бұл кезеңде де жерінің шетін жат табанына таптатып, елінің есесін жіберіп көрген емес.

Тобанияздың азаматтық тұлғасын Әліби Жангелдинмен әңгімесінен-ақ тануға болады. 1918 жылы 23 тамызда Ә.Жангелдин басқарған интернационалдық отряд екі кемемен Фортқа, Қарағантүп қойнауына келеді. Осы арада Әлібимен астыртын кездесіп, оған Бозащыға, ел ішіне кетуге, Тобанияз бен Қаражанды, т.б. ел азаматтарын тауып алып, ақылдасуға кеңес берген Нұрсұлтан Оңғалбаев. Әліби солай істейді де. Жандауыр тұсына 3-4 қыркүйекте келіп, жүктерін қайықтарға тиеп, жағаға шығарады. Қаратөбе-Мәстек деген жерде штаб құрып, ел ақсақалдарымен, болыстарымен сөйлеседі. Еңбекшілердің «Әліби шиязы» 25 қыркүйекте Қаратөбеде өтеді. Сьезд Тобанияз Әлниязовты Маңғыстау уезі революциялық комитетінің төрағасы, Сыдиық Жұбаевты оның орынбасары етіп сайлайды [4].

Әліби жиын жасамастан бұрын ел азаматтары Мәтжан және Айдарбай билермен, Самалықұлы Құтжанмен, Расбайұлы Жұмасатпен, Тасымұлы Қаражан, оның ұлы Бижанмен, Қуан Қодановпен, Қазтабан Сүйіновтермен кеңесіп, жеке-жеке сөйлескен. Ең соңында Тобанияз кіргенде Әліби орнынан тұрып, қолын алып сәлемдесіп: «Тобеке, менен аздап үлкендігіңіз болар, сосын сәлем беріп жатырмын. Осында сіз келе жатқанда жұрт: «Ең бір тәуір биіміз келеді» деп хабарлады. Қарағантүпте астыртын кеңескенімізде Нұрсұлтан да солай айтып еді. Ал, енді мен бұл жақпен танысып болдым. Адамдарымен сөйлестім. Ең соңғы сөйлесіп отырғаным сіз. Бүгін-ертең революциялық комитет төрағасы мен орынбасарын сайлаймыз. Маңғыстауда алғаш Кеңес өкіметін құрамыз. Содан кейін жеке Лениннің өз тапсырмасын орындау үшін Торғайға, Түркістанға жүруім керек. Қазір менде көптеген қару-жарақ, киім-кешек, ақша бар (кейбір деректерде Ә.Жангелдин отрядында 20 мың винтовка, 2 миллион патрон, 10 мыңдай гранат, пулеметтер, әскер құрып жасақтау үшін Торғай облысына арналған 30 миллион сом, Түркістан Республикасына деп алып шыққан 38 миллион сом бар еді делінеді). Ал менің осы күйде, қазіргі ретте бұл дүниелерді ол жаққа жеткізе алар түрім жоқ. Жол қайда, жолбасшы қайда, түйе керуен қайда, атты қайдан табамыз, бәрі белгісіз. Сізден бұрын келген билер мен ақсақалдар: «Бәрін де тастап кетіңіз, біз күзет ұйымдастырамыз» дейді. Құр ақшамен барып ол жақта не істейміз? Және мынау қару-жарақ, азық-түлік, киім-кешектің мен қайтып келгенше аман сақталарына кепілдік те шамалы сияқты. Осыған сіз қандай ақыл бересіз?» дейді.

Тобанияз көп ойланбастан: «Егер өзіңіз ақшамен салт кетіп, қалған нәрселерді маған аманат етіп кететін болсаңыз, мен қару-жарақтарды өз болысымдағы әрбір үйге бөліп берем де «Осыларды Әліби келгенше сақтап қойыңдар» деймін. Олар сақтайды. Егер бұл хабар ақтардың құлағына жетіп, көзіне шалынғанда да олар барлық елді қыра алмайды, халық сақтап қалады. Бұған сене беруіңізге болады. Ал азық-түлік пен киім-кешекті сақтаймын деп уәде бере алмаймын. Өйткені ел аш-жалаңаш. Оларға бұл тағамдар мен киімдерді көре тұра өл деп айтпаймын. Күні ертең-ақ үлестіріп беруім мүмкін». Осы сөзді айтқанда Әліби орнынан тұрып, тағы да қолын алып: «Маған керегі осы сөз еді. Сіз халыққа сенем деп бірінші рет айттыңыз. Сөзіңіздің шындығы мен қисыны адамды сендіреді»,- дейді. Тобанияз сөзін әрі қарай жалғап: «Ал, енді екінші мәселе – көлік тауып көшу еді ғой. Ол да қиын емес. Бес-алты күннен бері өзіңіз сөйлесіп жүрген азаматтар әрқайсысы 5-10 үйден бір-бір адам, бір-бір көлік табуға жарайтын беделді адамдар. Соларға тапсырма берсек, бас-аяғы 4-5 күнде адам да, көліктер де дайын болады. Тек, көлігі үшін, өзінің жүргені үшін оларға азын-аулақ киім-кешек, азық-түлікпен көмектессеңіз, олар ошағының үш бұтын риза қылып, алдап тастаған соң «Тескен тау» асырсаң да алаңсыз кете береді. Басқа ештеңеге алаңдамайды. Межелі жерге жеткен соң елге қайырсаңыз болады, олар сізден басқа ештеңе сұрамайды. Ал жолбасшы қылып әнеугіден бергі танысыңыз Тасымов Қаражан баратын шығар, оның білмейтін жері жоқ» дейді. Ә.Жангелдин осыған тоқтап, оған рахметін айтады. Тобанияз уәдесін орындап, 700 атпен, 400 түйелік керуенмен жөнелтеді [1, 101].

 

Осы аты аталған азаматтардың, әсіресе Нәзір Төреқұлов пен Тобанияз Әлниязұлының ұйымдастыруымен елдің керегесі кеңіп, атақоныс Маңғыстаудың маң даласын еркін жайларға жағдай жасалған. Қазақта Нәзір Төреқұлов пен Тобанияз Әлниязұлының есімін құрметпен атайды. Келер ұрпақ жадында сақталары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жаманбайұлы Е. Кешеден келдік бүгінге. – Алматы: Информ, 2002. – 240 б.

2. Жиырма жеті болыс Адай уезі. 1928 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласынан басылып шыққан «Адай уезі ауыл шаруашылығының ерекшеліктері» кітабынан жазып алған Қамысбай Қаржаубайұлы. Дайындаған О.Әлиманов (қолжазба).

3. Маңғыстау энциклопедиясы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2008. – 632 б.

4. Түркістан Республикасы Кеңестерінің Орталық Атқару Комитетінің № 341 декреті (1920 жыл 16 қазан).

 

404: Not Found404: Not Found