Site icon Евразийский Союз Ученых — публикация научных статей в ежемесячном научном журнале

ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫНА ІШКІ МИГРАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ (23-27)

ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫНА ІШКІ МИГРАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ

Рахметова Рахила Умирзаковна,

Экономика ғылымдарының докторы,

Туран-Астана университеті, Нур-Султан қаласы, Қазақстан.

ВЛИЯНИЕ ВНУТРЕННЕЙ МИГРАЦИИ НА ДЕМОГРАФИЮ ГОРОДОВ КАЗАХСТАНА

АННОТАЦИЯ. В статье рассматриваются внутренние миграционные процессы в Казахстане и их влияние на демографические показатели больших городов. Построены статистистические уравнения зависимостей по двум городам и определены причинно-следственные связи демографических процессов в них. Данная статья написана в рамках проекта №АР05134319 ГФ «Перспективы демографического развития регионов Казахстана в контексте «Мәнгілік Ел».

Ключевые слова: город, демография, миграция, статистические уравнения зависимостей.

THE IMPACT OF INTERNAL MIGRATION ON THE DEMOGRAPHY OF CITIES OF KAZAKHSTAN

ABSTRACT. This paper considers internal migration processes in Kazakhstan and their effect on demographic indexes of the cities. Statistical dependency equations were constructed for two cities and cause-and-effect relations of demographic processes in them were determined. This article was written in the framework of the project №AR05134319 GF «Prospects of the demographic development of the regions of Kazakhstan in the context of “Mangilik Yel”.

Keywords: city, demography, migration, statistical dependancy equations

Кіріспе. Мемлекеттің ішкі көші-қон мәселесі жалпы халықтың санын өзгертпегенмен, оның әсері арқылы халық санының жастық құрылымы өзгеріске ұшырайды. Сонда да болса, ішкі көші-қон үдерістері халықтың өсіміне, әлеуметтік қозғалыстарға және халықтың өмір сүруінің басқа да аспектілеріне әсер етеді.

Республикадағы көші-қон ағынының азайғандығына қарамастан ел ішінде қоныс аудару үдерісінің бар екендігін, оның ішінде ауылдан-қалаға, қаладан- қалаға көшу үрдісін байқауға болады. Мысалы ресми статистикалық мәліметтер бойынша 2017 жылы өңірлік миграцияға 602 мың адам қатысқан болса, ал өңіраралық мирграцияда 328 мың адам болған. Ал қалаға өз өңірлерінен ауылдан келіп тұрақтағандар саны 33,5 мың адам, ал басқа өңірдің ауылдан келіп тұрақтағандар саны 14,8 мың адамды құрады [1].

Қазақстанның барлық өңірлеріне ішкі көші-қонның тән екендігі, әсіресе инфрақұрылымы дамыған үлкен Нур-Султан, Алматы сияқты қалаларға, өндірісі дамыған жоғары жалақысы бар аймаққа еңбек ету үшін қоныс аударушылар көп. Себебі көші-қон сальдосы тек екі қалада ғана оң мәнге ие. Осыған байланысты үлкен екі қаланың демографиялық жағдайына миграцияның әсерін зерттеу өзекті мәселе.

Зерттеу әдістемесі. Осыған байланысты зерттеу барысында екі үлкен қаланың демографиялық жағдайына миграцияның әсерін анықтау үшін математикалық әдістер қолданылды, оның ішінде корреляция-регрессиялық талдау әдістері мәліметтерге байланысты қолдану мүмкін болмады. Сондықтан автор Е.Н.Кулиничтың [2-3] әдісі статистикалық тәуелділік теңдеуі қолданылды. Зерттеу периодына 2010-2017 жылдардың статистикалық мәліметтеріне статистикалық тәуелділік теңдеуімен зерттеу жасауды ұйғардық. Осы әдіс бойынша көптік теңдеулерде регрессиялық талдаумен салыстырғанда аз мәліметтермен бірнеше факторлардың байланысын зерттеуге болады. Сонымен зерттелуші фактор У – қала халқы саны, мың адам; Х1 – туылғандар саны, мың адам; Х2 – көшіп келгендер саны, мың адам; Х3– миграциялық сальдо, мың адам; Х4-кеткендер саны, мың адам.

Негізгі бөлім. Территориясы үлкен Қазақстан үшін ішкі көші-қонның маңызы зор, ауылдан қалаға көшетіндердің жас шамасын 2018 жылдың мәліметтерімен (соңғы жылдарға тән) қарастырсақ ауылдан қалаға көшу 18-19 жас аралығынан басталады (сурет 1).

2009 жылы ауыл тұрғындары қалаға қарағанда 10-14 жастың арасында 83,8 мың адамға кем болса, келесі 15-19 жас тобында 123,6 мың адамға артық, 20-24 жас тобында 218 мың адам артық болып тұрды. Ал 2018 жылда да 10-14 және 15-19 жастағылар айырымы 27,5 мың адамнан болса, ал 20-24 жаста 136,3 мың, одан кейінгі жаста 435,6 мың адам артық. Бұл қалаларда туу деңгейімен салыстырғанда өте артық шаманы көрсетеді. Олай болса ауыл жастары орта мектепті бітіргеннен кейін мамандық алу үшін қалаға келеді. Барлық арнаулы және жоғары білім беру орындары үлкен қалаларда орналасқан. Ауылдан қалаға көшудің себебінің бірі осы. Екінші себебі мамандық алған жастарға ауылда сәйкес жұмыс орны болмағандықтан, сол қаладан жұмыс тауып, қалып қояды. Ауылда инфраструктураның дамымауы, жастардың жаhандану заманындағы басқа да талаптарына сәйкес болмауы ауыл-қала көші-қонының үдерісі тоқтамайды.

Сурет 1 – Қала мен ауыл тұрғындарының 2018 жылғы жастық құрамы

Сонымен қатар, зерттеу бойынша елімізде көші қон сальдосы екі үлкен қалалар Нур-Султан мен Алматы да жыл сайын оң шаманы көрсетеді. Жалпы соңғы 10-15 жылдың аралығында көші қонның тағы бір түрі орын алды. Ол әлемде қала-қала дейді, біздің елде де кіші қалалардан үлкен қалаларға қоныс аудару басталды. Бұл қүбылыс әлемдік деңгейде орын алып отыр. Осыған байланысты Нур-Султан мен Алматының миргациялық тартымдылығын терең қарау керек. Алматының туу көрсеткіштері төмен, бірақ халық саны өсуде, ол көшіп келіп жатқандардың есебінен болуы мүмкін. Көші қонның көп шоғырланған екі қаласына демографиялық жағдайына миграциялық талдау жасайық.

Жалпы Алматы қаласының демографиялық көрсеткіштері соңғы жиырма жылда туудың жиынтық коэффициенті 1999 жылы 1,25 болса, қазір 2017 жылы 1,67 бірлік. Бұл республика бойынша ең төмен көрсеткіш, яғни демографиялық үрдісі регрессивтік тұншығу кезеңіне көшкен. Осыдан қала халқының саны көші-қон арқылы өсіп отырғанын айтуға болады. Көші қон үрдістерінің сипаттаушы көрсеткіштерінің ішінде Алматы және Нур-Султан қалалары үшін маңызды ол миграция тартымдылық коэффициенті [4]. Бұнда келушілердің де, кетушілердің де есебі ескеріледі, оны екі ірі қаламен және республика бойынша 2009ж. және 2017 жылға есептеп салыстырайық (кесте 1).

Кесте бойынша Алматы қаласының миграциялық тартымдылығы республика бойынша салыстырғанда жоғары, Нур-Султан қаласынан төмен. Миграция өсімшесі осы аралықта Алматы бойынша өскен, ал республикада кеміген, яғни келушіден кеткендер көп. Миграциялық тартымдылығы екі қалада тең. Әйтседе Нур-Султан қаласына Алматымен салыстырғанда келушілер көп, бірақ кетушілер де көп.

Кесте 1 – Миграциялық көрсеткіштер салыстырмасы, мың адам

Көрсеткіштер 2009 ж. 2017 ж.
Қазахстан Нур-Султан Алматы Қазахстан Нур-Султан Алматы
Келгендер 406,2 49,9 65,7 946,4 135,6 123,3
Кеткендер 398,6 18,0 51,3 968,5 102,1 93,1
Сальдо 7,6 31,9 14,4 -22,1 33,5 30,2
Келушілер коэффициенті 25,2 79,5 47,8 52,5 135,4 69,4
Кетушілер коэффициенті 24,8 28,7 37,3 53,7 101,9 52,4
Миграция өсімшесі 0,47 50,8 10,5 -1,23 33,5 17,0
Миграциялық тартымдылық коэффициенті 1,01 1,66 1,13 0,99 1,15 1,15
Ескерту: [1] базасында автордың есептеулері

Елімізде қалыптасқан статистердің айтуы бойынша жалпы демографиялық жағдайды халықтың санымен сипаттайды, қала халқының жыл сайынғы санының өсуіне қарай демографиялық жағдай дұрыс деп есептелінеді. Шындығында, егер терең талдау жасалса олай емес екенін байқауға болады. Егер республика деңгейінде Алматы қаласы ең үлкен мегаполис болғандықтан бұл мәселе тек қалаға ғана қатысты емес, елдің жалпы демографиялық жағдайына әсер ететіні белгілі.

Нур-Султан қаласы – жастар қаласы, миграциялық тартымдылығы жоғары, келушілердің көбі жастар, бірақ қала ең қымбат, климаты қатаң болғандықтан тұрақталып қалу қиындық туғызады. Әйтседе қалада туудың жиынтық коэффициенті 2017 жылы 2,83, яғни республикамен салыстырғанда 4 пайызға жоғары, демографиялық жағдайы миграцияға тәуелді болмауы да мүмкін. Төмендегі диаграммада (сурет-2) көрсеткендей тұрғындарының жастық құрамы республика және Алматымен салыстырғанда егде жастағылар үлесі екі еседей төмен екенін көреміз.

Сурет 2 – Тұрғындар құрылымы бойынша 2018 жылға салыстырма

Осы екі қаланың демографиялық даму дәрежесі қандай факторларға байланысты екенін білу үшін статистикалық тәуелділік теңдеуі әдісі арқылы талдау жасалды. Біздің есебімізде негізгі фактор – қаланың халық саны. Ол үшін зерттеу мәліметтер базасына 2000-2017 жылдар арасындағы Статистика комитетінің ресми мәліметтері алынды. Осы жылдардағы негізгі халық санына әсер етуі мүмкін демографиялық көптеген көрсеткіштер алынып, олардың графиктері арқылы тенденциясы анықталды. Бір ескеретін жағдай математикалық әдістер бойынша зерттеу жасау үшін факторларда бір заңдылық немесе тенденция болғаны дұрыс. Ал көші қон мәліметтері соңғы он сегіз жылда бірде кеміп, бірде өсіп отырған және тұрақты тенденция сақталмаған.

Осы мәліметтерге статистикалық тәуелділік теңдеуін қолданамыз. Әдістің қолдану әдістемесін баяндау қажет деп есептемедік, себебі оқулықты [2-3] пайдалана білдік. Осы мәліметтердің тенденциясына қарай олардың көбеюге (max) немесе азаюға (min) бағытталған факторлар екенін анықтаймыз. Барлық факторлар зертелу периодында өсу тенденциясын қалыптастырған, сондықтан барлық факторлардың келешекте де өсуі сақталады деп қабылдаймыз. Онда мынадай теориялық түрдегі теңдеулерді таңдаймыз.

У* = уmin(1 + b dxi /xmin — 1 ) (1)

Мұнда У*– теңдеу бойынша есептелген мәндері; dx=xi/xmin-1 – салыстыру немесе ауытқу коэффициенті. Осы теңдеу бойынша зерттелуші факторға әсер етуші фактордың әсерлік тенденциясын анықтауға болады. Анықталған мәннің қаншалықты шынайылығын тексеру үшін корреляция коэффициенті мен тұрақты тәуелділік коэффициентінің мәні есептелді. Осы әдісте ең маңызды критерий – тұрақтылық коэффициенті К – ның мәні 0,7 жоғары болғанда ғана осы әдісті пайдалануға болады. Критерилердің барлығы нормативтен жоғары болғандықтан бір және көп факторлы статистикалық теңдеуді жазуға болады. Сонда статистикалық тәуелділік теңдеуі төмендегідей болады (кесте 2)

Кесте 2 – Статистикалық тәуелділік теңдеулері

Факторлар Статистикалық теңдеу К r
АЛМАТЫ қаласы
Туылғандар саны (х1) У*=1390,6*(1+0,801*dx1 /xmin — 1) 0,82 0,98
Келушілер саны (х2) У*=1390,6*(1+0,214*dx2 /xmin — 1) 0,93 0,96
Миграция айырымы, (х3) У*=1390,6*(1+0,064*dx3/xmin — 1) 0,97 0,92
У(х1,х2,х3) У*=1390,6*(1+0,046*(dx1/xmin –1+dx2/xmin – 1 + dx3/xmin -1))
Нур-Султан қаласы
Туылғандар саны (х1) У*=649,1(1+0,718*dx1/xmin — 1) 0,87 0,99

Кестеден Алматы қаласы бойынша туылғандардың саны мен көшіп келгендерге қарағанда миграция сальдосы тұрақты жоғары байланыста (K=0,97) екені байқалды. Бұл математикалық әдіспен оның маңыздылығы дәлелденді.

Талдау барысында көп фактордың қайсысы көбірек әсер ететінін анықтау үшін олардың үлес салмағын анықтаймыз. Факторлардың байланыс үлесі олардың салыстыру коэффициентерінің қосындыларының қосындысынан үлесін табамыз. Алматы қаласы халқының саны туылғандар мен келгендер санына қарағанда миграция айырымына 72,6% байланысты екен. 2017 жылдың ресми мәліметінде халық санының жалпы өсімі 46,1 мың адамның 19 мыңы туылғандар есебінен болса, 27,1 мыңы көші-қон үлесіне тиісті болды. Қорыта келгенде Алматы қаласы үшін көші-қон үрдісі өте маңызды орын алады және оны мемлекеттік деңгейде реттеуді қажет етеді. Көп жағдайда сыртқы көші-қонға көңіл бөлінеді де, ал ішкі көші-қон мемлекеттік назардан толық есепке алынбай сырт қалады.

Нур-Султан қаласының 2010-2017 жылдардағы мәліметтерінде халық саны орташа 4-5 пайызға өсуде, ал туылғандар санының қарқыны 6-7 пайыз, екі фактордың тенденциясы сәйкес өсу бағытында, корреляциялық байланыста (сурет 3). Қалған факторларда қалыптасқан тенденцияның жоқ екені байқалады.

Сурет 3 – Нур-Султан қаласының демографиялық көрсеткіштер динамикасы, 2010-2017жылдар

Сондықтан статистикалық тәуелділік теңдеуінің критерилері – корреляция коэффициенті мен тұрақты тәуелділік коэффициенті орындалмағандықтан қаланың тұрғындарының саны тек туылғандардың санына тәуелді болды.

Қорытынды. Қазіргі кезде еліміздегі ішкі қон мәселесіне көңіл бөлуді қажет етеді. Жаhандану жағдайында кіші қалалардан ірі екі мегаполиске көшу орын алып отыр. Қалыптасқан демография теориясында айтылғандай әлемде болып жатқан құбылыстың Қазақстанда да орын алғанын атап өтеміз. Екі үлкен қалаға жеке тоқталдық, оның ішінде Алматыда демографиялық өсім тек қана көші қон есебінен шешілуде, ал Нур-Султанда миграциялық оң тұрақтылық қалыптаспаған.

Сонымен келешекте елімізде, әлемде болып жатқан қоқыстарға толы ірі мегаполистердің қалыптаспауына жол бермеу үшін, елдің аграрлық потенциалын ескерсек ауылдық территорияларды заманға сәйкес инфраструктурасы дамыған, әлемдік деңгейде қайта қалыптастыруды қолға алған жөн.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика бойынша комитетінің сайты: https://www.stat.gov.kz.

  1. Е.Н.Кулинич. Эконометрика. –М.: Финансы и статистика, 2000. – 304 с.
  2. Прикладные модели эконометрики //Монография / под ред. проф. Рахметовой Р.У. и Дубровой Т.А. – Алматы: Экономика, 2011.- 324 с.
  3. Н.Д.Эпштейн и др. Методология анализа демографической безопасности и миграции населения. – М.: Финансы и статистика, 2013. — 168 с.

 

404: Not Found404: Not Found