Номер части:
Журнал

ФИЗИКАДАН ЕСЕП ШЫҒАРУ БІЛІКТІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (18-22)



Науки и перечень статей вошедших в журнал:
Авторы: Kenzhegaliev K.K., Almakhanov S.
DOI:


ФИЗИКАДАН ЕСЕП ШЫҒАРУ БІЛІКТІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Кенжегалиев Кулуш Кушенович

педагогика ғыл. канд., педагогика, психология

және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті,

Көкшетау қ. Казақстан.

Алмаханов Шыңғыс

2 курс магистранты, Көкшетау қ., Казақстан

АННОТАЦИЯ

Мақалада молеклалақ физикадан есеп шығару біліктілігін психология ғылымдары, оның теориялары арқылы зерттеп қиын жерлерін тауып жаңа әдіс ұсыну. Зерттеу әдістері психологиялық заңдарға негізделіп, оқытушының психологиялық құзыреттілігін қалыптастыру. Оқытушы оқушыларға есеп шығарғанда есептің шығару психологиясына көңіл бөлмейді. Ол үшін педагог кадрларды дайындағанда әр пәннің психологиясын қатар оқыту ұсынылып отыр. Оқыту дегеніміз оқушының психикасын есеп шығару арқылы басқару, қалыптастыру болып табылады. Эксперимент барысында есеп шығарудың бес деңгейі анықталды. Оқушылардың басым бөлігі 2,3 деңгейде шығарады. Осы олқылықты жою мақсатында мақаланың зерттеу пәні осыған арналған.

Тірек сөздер: молекулалық физика, біліктілік, психологиялық құзыреттілік,есеп шығарудың бес деңнейі

PSYCHOLOGICALY-PEDAGOGICAL BASES OF SKILLS TO SOLVE PHYSICAL PROBLEMS

Kenzhegaliev Kulush Kushenovich

PhD in Pedagogy, assistant professor of the Department of Pedagogy

and Psychology and social works of Kokshetau

State University named after Shokan Ualikhanov,

Kokshetau, Kazakhstan

Almakhanov Shyngis

2nd year master student, Kokshetau, Kazakhstan

 

Abstract. This article explores the ability to solve problems on molecular physics with the help of psychological science, using its theory to identify difficult solving problems and to suggest new methods.

The process of researching the problem of solving tasks is entirely based on the laws of psychology with the simultaneous formation of the psychological competence of the teacher.

While solving problems on physics, teachers do not pay enough attention to the psychology of solving the problem itself. When training subject teachers, it’s necessary to pay great attention to the psychology of each discipline along with general educational training.

In our understanding, learning is the management of the psycho of the student through the solution of physical tasks and the formation of the psycho. Experimental training allowed us to identify five levels of the psycho of solving physical problems. Most respondents solve problems at the second or the third levels. Therefore, the subject of the article is devoted to this problem.

Keywords: molecular physics, skills, psychological competence, five levels of problem solving.

Кіріспе

Оқу орындарындағы білім беру сапасының маңызды проблемасы теориялық білімінің практикалық деңгейге өтуі. Меселен, қазақ тілі сабағында қатесіз жазу, сауаттылық проблемасы; математика сабағында есеп шығару проблемасы. Біздің зерттеуімізше осы проблема оқушыларға үлкен қиындылық тудырады, білім сапасына әсерін тигізіп жүр.

Психологиялық тұрғыдан осы проблема Л.С.Выготскийдің, Н. А. Менчинскаяның ғылыми еңбектерінде зерттелген. Аталған психологтар есеп шығару біліктілігі мидың жоғары функциясына жататынын анықтап бірнеше заңдар, принциптер ашқан. [2, c.125 ] Мәселен, ішкі интериоризация және сыртқы интериоризация заңдары орындалмай теориялық білім практикаға өтпейді. Жалпы ғылымда, өмірде адамзат құстардың ауада қалықтап ұшатынын көрген, білген. Ғалымдар құстардың ұшу аэродинамикасын зерттемей оның ұщу сырын білмеді. Аэродинамиканың заңдары ашылғаннан кейін адам ауадан ауыр денелерді ұшыра бастады. Сөйтіп әлемде ұщақтар, тікұшақтар пайда бола бастады. Яғни, адамзаттың жинаған аэродинамикалық білімдері ішкі интериоризация арқылы пайда болса, ал ұшақтардың пайда болуы сыртқы интнриоризацияның нәтижесі ретінде қарастыруға негіз бар. Оқушылардың есеп шығару процессі осыған ұқсайды. Сондықтан біз осы проблеманы мақаламыздың зерттеуіне арнадық.

Негізгі бөлім

Есеп шығару біліктілігі оқушының ақыл-ой іс-әрекетіне негізделген. Ішкі интериоризация негізінде санада пайда болған білімді: ұғымдарды, формулаларды, физикалық құбылыстарды оқытушы, оқушының өзі де байқай алмайды. Білім сапасы категриясында есеп шығару біліктілігі ең маңызды критерийі болып есептеледі. Кез келген есеп шығару үрдісі проблеманы шешуге арналады. Практикада проблемалық ситауацияны шешуде үш деңгейі болады. Ең оңай және төмен деңгейі репродуктивтік деңгей. Осы деңгейде оқушылар есепті шығара береді. Педагогика ғылымында проблема тақырыбы М.М.Махмутовтың «Проблемалық оқыту» деген монографиясында толық зерттелген. [3, c.45] Себебі, есептің мазмұны абсолюттік физикалық ұғымдарға негізделген. Есептердің басым бөлігі физиканың салыстырмалы ұғымдарына негізделген.

Педагогикалық және психологиялық тәжірибеміз көрсеткендей, басты проблемаға есептің мазмұнының түсінік болмауы, ол есептің қиындығынан емес, есептің мазмұны түсінікті болу үшін біз мазмұнды қайтадан анықтаймыз (переформулировка условия задачи), онсыз есеп оқушыға түсінікті болмайды. Сонымен тәжірибелі оқытушылар есеп шығаруды переформулировкадан бастайды, соған тәрбиелейді.

Ең көп кездесетін есеп шығару қателіктер әр түрлі формуларды қарап қайсысы келеді, келмейді деп күмәнмен қарастыру, салыстыру. Бұл жағдай оқушының синтездік әдіспен есеп шығару жолын меңгермегендігін көрсетеді.

Болашақ мұғалімдердің психологиялық дайындықтары сын көтермейді. Жоғары оқу орындарындағы оқытылатын «Жалпы психология» математика, физика, химия пәндерінің психологиялық дайындықтарына сай емес. Жаратылыстану пәндері мазмұны жағынан психологияның «Іс-әрекет теориясына», «Жоғары психикалық функция теорияларына» негізделген, ол бірақ оқытылмайды. Сондықтан математиктер есеп шығару біліктілігін психологиямен байланыстыра алмайды. Психология ғылымының өзі сол есеп шығару механизмін түсіндіру арқылы пайда болған ғылым.

Енді есептің переформулировкасының психологиясын қарастырайық. Бұл алдымен ақыл-ой іс-әрекеті, есептің ұғымдарына кіретін объектілерді түрлендіріп жаңа жағын анықтау болып табылады. Бұл іс-әрекет анализ және синтез операциялары арқылы есептің мазмұнын жалпыламалап абстракция арқылы есептің шешуші кілтін анықтауда болып табылады. Есептің шешудегі әр қадамы, операциясы бізге келесі қадамды анықтап ақыл-ойымызды алға жетелейді – сөйтіп операция операцияларға жалғасып есеп тарқатылып шығарыла береді.

Есеп шығаруда ұғымдардың анықтамаларын білген және оны тарқата білген есеп шығару біліктілікті қалыптастырады. Анықтамалар сол есепке қатысты көз қарастың бағдарлық негізі болып табылады. Соның негізінде оқушы есепетегі объектілерді білімімен сәйкестендіріп есепті тани бастайды. Сейкес формуланы алып есептегі объектілерге қолдануға болатынын талдап жаңа танымдық қадам қалыптастырады. Осы деңгейде ойша есептің шығару жолы анықталады және проектілік деңгейде дайын болады.

Мысалы, молекулалық физикадан есеп шығарғанда оқушы молекула, молекуланың массасы, молекулалардың массасы, көлем, қысым, температура деген ұғымдарды анықтамаларының негіздерінде бір-бірімен логикалық байланыстарын анықтайды. Осы ұғымдардың анықтамаларына сүйене отырып оқушы ойлау іс-әрекетін практикалық деңгейге жеткізіп есепті шығара бастайды. Ұғымдарды оқушылардың санасында бекіту үшін абсолюттік ұғымдарға арналған, есептеуіш есептер шығарту керек. Машықтанып алғаннан кейін салыстырмалы ұғымдарға арналған есептер шығартамыз, психологиялық тұрғыдан есептің мазмұнын қиындата береміз. Есептік проблема келесі есептік проблемаларға жетелеп оқушының ақыл-ойын дамытады. Проблемалық оқыту теориясына сәйкес бұл проблеманың екінші деңгейлік жағдайатына сай болады. Мектеп бағдарламасы осы деңгейғе қанағат етіп оқытады, бірақ оқушылардың 70% осы деңгейге жете бермейді. Ал проблемалық оқыту теориясына сәйкес үшінші деңгейлік жағдайаты творчестволық есептерді шығаруға сай келеді, яғни олимпиадалық есептерді шығару. Қалыпты, дәстүрлі мектептердің оқушыларынаа проблемалық оқытудың үшінші жағдайаты міндет емес. Физикадан есеп шығару оқушының ойлау мәдениетін тәрбиелейді, жаңаша ойлау қабылетіне ие болады, соның нәтижесінде дамиды, осы процесс үздіксіз болады. Мысал ретінде молекулалық физикадан есеп қарастырайық.

Есеп: Белгісіз газдың қысымы 100 кПа, молекулалрдың концентрациясы 1025 м-3 болғанда газдың температурасын анықтаңдар.

Шығару әдістемесі:

Есеп шығарудың тірек алгоритмін жасайық, бұл процесс сырт көзге көрінбейді, оқушының санасында өтеді мұғалімнің басқаруымен. Осы тірек алгоритм бойынша оқытушы оқушының есеп шығару процессін басқарады.

Есеп шығарудың тірек алгоритмнің блок-логикалық кестесін берейік.

1 сурет. Абсолюттік ұғымдарға негізделген есеп шығарудың тірек алгоритмдік ойлау схемасы

Осы есепті шығару үшін психологиялық тұрғыдан, нақтырақ айтсақ, А.Н. Леонтьевтің, Л. С. Выготскийдің іс-әрекет теориясына сәйкес қарапайым жіті ойлау, жазу операцияларынан өттік, ол тірек алгоритмінде көрсетілген. [5,c.60] Оқушылар есеп шығарғанда осыдан қиындық көреді. Біз өз экспериментімізде осыған үйретіп, машықтандырдық. Соның негізінде есеп шығару біліктілігі қалыптаса бастады.Бұл кезең еспетің мазмұнының есеп шығару әрекетімен тығыз байланысты болуын қажет етеді.

Есепті күрделілендіріп алсақ осы алгоритм бойынша ұғымдарды формулаларға кіретін шамалармен салыстырмалы түрде талдау керек, сөйтіп синтездеп қорытынды формуламен есепті шығарамыз. Психологиялық тұрғыдан санадағы білім дұрыс шығару іс-әрекетіне жетелейді, оқушының бойында өзіне деген сенім пайда болып біліктілікті қалыптастырады. Сондықтан, А. В. Усованың «Формирование у школьников научных понятий в процессе обучения» [7,c.26] монографиясында көрсетілгендей ғылыми білімнің элементеріне үлкен көңіл бөледі. Есеп шығарғанда біз осы еңбекке сүйене отырып есептің мазмұнындағы ғылыми білімнің элементеріне көңіл бөлеміз, Есептің мазмұнындағы ғылыми білімнің құрылымы мыналар жалпы түрде: а) ғылыми фактілер; б) ұғымдар; в) заңдар; г) теориялар;

Оқушы есеп шығарғанда ғылыми (физикалық құбылыс) фактіні түсіне, елестете білуі керек. Ғылыми фактіні физмкалық ұғымдармен салыстырып шамалардың қасиетін сипаттай отырып физикалық заңға негіздеп есепті шығаруы керек.

Біздің паймдауымызша, физикалық ұғымдар физикалық құбылыстардың «атомы мен молекулалары» және олар бір-бірімен физикалық заңдарына сай қатынаста болады. Бұл тезис ақыл-ой деңгейінде ғана іс жүзіне асып жатады, біз оны есеп шығару процессі деп атаймыз, ол жоғары психикалық қызметтің функциясы болып табылады. Сондықтан, математика, физика, химия пәндерінің мұғалімдерін даярлағанда пәннің психологиясына сәйкес психологиялық дайындықтан өткізуіміз қажет. Психология ғылымының негізгі теорияларын осы пәндерді оқытқанда пайдалану методологиясы мен әдістерімен таныстыру керек. Ол теориялар: іс-әрекет теориясы, жоғары психикалық функция теориясы, тұлға теориясы, ес теориясы, проблемалық оқыту теориясы, ақыл-ойды кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясы, мотивация теориясы, себеп-салдар теориясы, эмоция теориясы, зейін теориясы.

Физика пәнінен есепе шығару арқылы оқушылардың білімін ғана жетілдіріп қоймай, сонымен қатар олардың психикасын қалыптастырамыз. Есеп шығару арқылы оқушылар субъекті ретінде обеъктивті болмысты өзінің іс-әрекеті арқылы таниды. Бүкіл психикалық процесстер мидың іс-әрекетімен байланысты – орталық нерв жүйесімен. Мысалы, И. М. Сеченов мидың іс-әрекетін субъектінің практикалық іс-әрекетімен байланыстырған. Басқа сөзбен айтқанда, мидың қызметін мұғалім тікелей көре алмайды, бірақ оқушылардың оқуының нәтижелері арқылы бағалайды. Оған жатады: тестілер, бақылау жұмыстары, ауызша жауаптары, лабораториялық жұмыстар. [6, с.150]

Оқытушы, кәсіби тұрғыдан, оқушылардың психикаларының дамуын практикалық оқу іс-әрекеттері арқылы басқаруы міндетті, бірақ көпшілік жағдайда оған мән берілмейді.

Н.А. Бернштейн психологиялық эксперименттер арқылы «ешқандай қарапайым қозғалыс» психикасыз іске аспайды деген. [1,с.21-54] Сондықтан, есеп шығару оқушылардың психикасын қалыптастыру болып табылады, бұл оқытудың басты мақсаты болуы керек. Есепті есеп үшін шығару емес, адамның психикасын, болмысты адекватты қабылдау үшін арнайы ұйымдастырылған оқу-тәрбие процессі.

Осы психологиялық идеяларды басшылыққа ала отырып, біз есептерді күрделілендіріп педагогикалық эксперимент арқылы респонденттердің психикаларын жоғары деңгейде қалыптастырдық.

Есеп: Бөлмедегі ауаның көлемі 70 м3 температурасы 280 К. Пешті жаққаннан кейін ауаның температурасы 296 К дейін көтерілді. Ауаның көлемі өскеннен кейін жасаған жұмысты есептеп табыңдар, егер қысымы тұрақты 100 кПа болса?

Есептің шығарылуы ойлау арқылы жалпылама түрде орындалды. Бұл мысал логикалық ойлау арқылы, жоғары психиканың қызметі болып табылады. Физикалық құбылыс есептегі құбылыстарды ғылыми ұғымдар арқылы бір-бірін салыстырмалы түрде, математикалық амалдарды қолдана отырып нәтижеге жеткізді.

Қорытынды:

Эксперименталдық зерттеулердің негізінде біз есеп шығарудың бес дейгейін анықтадық:

  1. Бірінші деңгейде: оқушы есептің мазмұнын, ондағы сөз болып жатқан физикалық құбылыстарды шашыраңқы-диффузиялық түрде қабылдайды. Оқушы бір нәрсені екінші нәрседен ажырата алмайды, бірақ кейбір қасиеттерін тани алады.
  2. Екінші деңгейде: оқушы ұғымдардың қасиеттерін таниды, бірақ негізгі қасиеттерін маңызды емес қасиеттерінен ажырата алмайды.
  3. Үшінші деңгейде: оқушы ұғымның барлық маңызды қасиеттерін таиды, бірақ жалпыламалау деңгейіне жетпеген.
  4. Төртіншідеңгейде: ұғымдарды меңгеру, пайдалану жағынан жалпыламаланған, оқушы барлық ұғымдарды емін еркін есеп шығаруға қолдана береді.
  5. Бесінші деңгейде: оқушы математика, физика, химия пәндері сияқты ғылымдардың интегралдық, ортақ құбылыстарын шеше алады.

Пайдаланылған әдебиет тізімі

  1. Бернштейн Н. А. К вопросу о восприятии величин (о роли показательной функции Іх в процессах восприятия величин) //Журн. Психологии, неврологии и психиатрии. Т.1, с.21-54. 1922.
  2. Выготский Л. С. Собр. Соч.: в 6-ти томах. Т.3. Проблемы развития психики.-М.: Педагогика, 1983. -368 с.
  3. Махмутов М. И. Проблемное обучение. М.: Педагогика. 1975.
  4. Менчинская Н.А. Проблемы обучения, воспитания и психологического развития ребенка. – М.: МПСИ, Воронеж: Модэк, 2004. -512 с.
  5. Леонтьев А. Н. Деятельность. Сознание. Личность. — М.: Академия, 2005.- 362 с.
  6. Сеченов И. М. Рефлексы головного мозга. М., Лабриком, 2013. -250 с.
  7. Усова А. В. Формирование научных понятий в процессе обучения.- М.: Педагогика1986 -176 с.-(Труды д.чл. и чл-кор. АПН СССР)
  8. Рымкевич А. Н. Сборник задач по физике для 9-10 классов средней школы. – 12-е изд. –м.: Просвещение. 1988.-191 с.: ил.

Spisok literaturyi

1. Bernshteyn N. A. K voprosu o vospriyatii velichin (o roli pokazatelnoy funktsii Ih v protsessah vospriyatiya velichin) //Zhurn. Psihologii, nevrologii i psihiatrii. T.1, s.21-54. 1922.

2. Vyigotskiy L. S. Sobr. Soch.: v 6-ti tomah. T.3. Problemyi razvitiya psihiki.-M.: Pedagogika, 1983. -368 s.

3. Mahmutov M. I. Problemnoe obuchenie. M.: Pedagogika. 1975.

4. Menchinskaya N.A. Problemyi obucheniya, vospitaniya i psihologicheskogo razvitiya rebenka. – M.: MPSI, Voronezh: Modek, 2004. -512 s.

5. Leontev A. N. Deyatelnost. Soznanie. Lichnost. — M.: Akademiya, 2005.- 362 s.

6. Sechenov I. M. Refleksyi golovnogo mozga. M., Labrikom, 2013. -250 s.

7. Usova A. V. Formirovanie nauchnyih ponyatiy v protsesse obucheniya.- M.: Pedagogika1986 -176 s.-(Trudyi d.chl. i chl-kor. APN SSSR)

8. Ryimkevich A. N. Sbornik zadach po fizike dlya 9-10 klassov sredney shkolyi. – 12-e izd. –m.: Prosveschenie. 1988.-191 s.: il.

 

Записи созданы 1348

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх