23 Июн

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ КӘСІПҚОЙЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ФАКТОРЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ




Номер части:
Оглавление
Содержание
Журнал
Выходные данные


Науки и перечень статей вошедших в журнал:

Әлеуметтік жұмыстағы кәсіпқойлық — қазіргі қоғамның шыңайы қажеттіліктерінен шеттетілген дерексіз ұғым емес, бұл әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік зерттеу, әлеуметтік қорғау, т.б. сияқты әлеуметтік жұмыстың ерекше түрлерінің мінездемесі.

Әлеуметтік жұмыстың қалыптасуы мен дамуының қазіргі кезеңінде басымдық әлеуметтік қызметкерлердің кәсіпқойлығының қалыптасуының мәселелеріне, әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың әр түрлі категорияларын, әлеуметтік педагогтарды, психологтарды және басқа мамандарды дайындау мен қайта даярлау мәселелеріне берілген [4, б. 371].

«Әлеуметтік жұмыстағы кәсіпқойлық» ұғымы бірден айналымға енген жоқ және ең алғаш бұл ұғым АҚШ пен Батыс Еуропа елдеренде қолданыла бастады. ХХғ. басында әлеуметтік жұмыс бұл мамандық емес, ал әлеуметтік қызметкер ол қосалқы қызмет делінген. Дегенмен, әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі біртіндеп өзгерді. Бұл мамандықтың беделі айтарлықтай жоғарылады, және ол ғылыми зерттеулерде, әлеуметтік тәжірибеде, көптеген мемлекеттердің заң негіздерінде көрініс тапты.

«Әлеуметтік жұмыстағы кәсіпқойлық» ұғымы күні бүгінге дейін объективті және субъективті себептерге байланысты жеткілікті деңгейде ашылған жоқ. Кейбір зерттеушілер кәсіпқойлық — ол әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіби дағдыларды игеру деңгейі деп санайды; басқалары «кәсіби дайындық» пен «кәсіби біліктілік» — кәсіптіліктің міндетті компоненттері деп санайды; үшіншілері бұл компонентерге әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметінің айырылмас бөлігі ретінде «этикалық білімдерді» қосады; төртіншілері әлеуметтік жұмыстағы кәсіпқойлық әлеуметтік жұмысты орындауға, адамдармен жұмысқа белгілі икемділіксіз мүмкін емес деп санайды [3, б. 77].

90 ж. басында ресейлік әр түрлі авторлар – Н.С. Давакин, И.А. Зимняя, Л.В. Топчий, Н.Б. Шмелева, Е.А. Яблокова және т.б. әлеуметтік жұмыстағы кәсіпқойлық ұғымына анықтама беруге тырысты.

Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар:

  • социологтар кәсіпқойлықтың тарихи қалыптасқан, байланыстырушы элементтеріне, әлеуметтік жұмыстағы кәсіпқойлықтың жасырын аспекттеріне ерекше мән береді. Оларға кіретіндер: кәсіби құндылықтар, әлеуметтік іс-әрекеттің әдістері, кәсіби бейімділік, әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетіне терең мотивация, кәсіби дайындық, кәсіби шеберлік, кәсіби мәдениет, еңбектік дағдылар, біліктілік;
  • психологтар мен акмеологтар әлеуметтік қызметкерлердің кәсіпқойлығының қалыптасуының мынадай аспекттеріне назар аударады: мамандықтың беделі; кәсіби шеберлік; әлеуметтік бедел, кәсіби қызметтің табыстылығы; кәсіптіліктің дамуының динамикасы, кезеңдері, деңгейлері; жеке психологиялық қасиеттер мен әлеуметтік қызметкер тұлғасының жағдайы; тұлғаның бағытталуы, мотивтердің, құндылықтардың иерархиясы. Осы негізде олар кәсіпқойлықтың үш компонентін бөліп көрсетеді: іс-әрекеттік кәсіпқойлық, жеке тұлғалық кәсіпқойлық, басқаға (басқаларға) қатысты кәсіпқойлық.
  • педагогтар, олардың ойынша басымды қасиеттерге мән береді, олар: мамандыққа қатысты мотивациялық-құндылықтық қатынас, тұлғаның кәсіби шартталған қасиеттері мен ерекшеліктері, кәсіби қызметке дайындық. Педагогтар әлеуметтік жұмыс мамандарының кәсіби-тұлғалық дамуының «даму мен өзін-өзі дамыту», «өзін-өзі тану мен өзін-өзі жобалау», «өзін-өзі басқару», «өзін-өзі түзету» сияқты қасиеттерін зерттеуге назар аударады.

   Әлеуметтік жұмыстағы кәсіпқойлыққа әр түрлі анықтама беретін шетелдік авторлардың пікірлерін қарастырсақ. Мысалы, АҚШ-та кәсіби біліктілік – біліктіліктің түрлі үлгілерінің интеграциясы деп саналады, оның ішінде: 1) тұжырымдамалық (ғылыми) біліктілік; 2) инструменталды біліктілік (негізгі кәсіби дағдыларды  игеру); 3) интегративті біліктілік (теория мен практиканы үйлестіре білу).

Әлеуметтік жұмыстағы кәсіпқойлықтың дамуының мәні мен жолдары экономикалық, социологиялық, психологиялық, этикалық, т.б. сипаттағы көптеген факторлармен айқындалады. Мамандық бұл адамның әлеуметтік әлемін өзгертетін және қиын өмірлік жағдайларды шешуге, жеке өмір мен қоғамдық өмірдегі өзгерістерге адекватты әрекетті қалыптастыруға әр адамның потенциалын жоғарылататын,  әлеуметтік пайдалы қызметпен айналысуға дайындық екені белгілі [2, б. 94].

Жоғарыда аталғаннан мынадай тұжырым жасауға болады, әлеуметтік жұмыстағы кәсіпқойлық – бұл адамдарға олардың өмірлік мәселелерін шешуге білікті жәрдемді қамтамасыз ететін маманның білімі, дағдылары мен икемділіктерінің үнемі жоғары деңгейде болуы, еңбектің жоғары сапасы мен нәтижеге жету. Сонымен қатар, Е.И. Холостова кәсіптілік (шығармашылық) – бұл батылдық, қалыпты нәрседен ары қарай баруға дайындық деп көрсетеді.

Кәсіпқой маман әлеуметтік көмек, адамды түзету, қайта қалпына келтіруде қалыпты емес, бірақ тиімді шаралар, әдістер мен тәсілдерді қолдануда тынымсыз болады. Ол әрдайым әлеуметтік жұмыстың оптималды әдістерін іздеуде болады, өзінің әріптестерінің тәжірибесін, отандық және шетелдік тәжірибені зерттеуге ұмтылады. Оның әріптестері кейде онда қандай да бір жарқын кәсіби қасиеттерді байқамайды, бірақ ол кәсіби қызметтің стратегияларын дербестейді. Оның жаңашылдығы өзгертуші әсерге ие.

Белгілі бір кәсіби ұстанымға ие жаңашыл-маман өзінің кәсіби ортасында ерекшеленеді, ол өз кәсіби қызметінің өкілі болып табылады, оның идеологы ретінде алға шығады. Мұндай типтегі әлеуметтік қызметкер барлық қызықты және пайдалы (тәжірибеден, әдебиет, баспадан) ақпараттарды ала отырып, жеке тұлғалық және кәсіби құндылықтарды сақтай отырып, өзінің кәсіби қызметін тиімді қылу үшін еңбектің кәсіби-тұлғалық концепциясын жасайды.

Жаңашыл әлеуметтік қызметкер жаңа сыни ойлау мен қолдану әдістерін таба біледі. Жаңашыл әлеуметтік қызметкер өзін-өзі тану жолына тұрған, сенімділікпен сөйлейді. Әлеуметтік Қызметкерлердің Халықаралық Ассоциациясының стандарты әлеуметтік қызметкерлердің мәдени құзіретті болуын және мақсатты түрде білім алуын еске салады [1, б. 2].

Жеке тұлға мен қызметтің кәсіпқойлығына баға бергендегі объективтілік әр түрлі параметрлердің болуы мен қолдануын талап етеді. Біздің ойымызша, төменде қарастырылған кәсіпқойлықтың көрсеткіштерін қосымша-ілеспелі деп атауға болады. Сонымен қоса олар кәсіпқой тұлға мен оның қызметін әлеуметтік жұмыс маманының қызметінің тұлғалық-технологиялық көрсеткіші ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Оларға келесідей параметрлерді жатқызуға болады.

Адамды түзету, қалпына келтіру, әлеуметтік көмек үрдісінің нәтижелілігін тәжірибелік бақылау мен өзін-өзі бақылауға ие болу көрсеткіші кәсіби-технологиялық, зерттеушілік сипатқа ие және әлеуметтік қызметкердің кәсіби сана-сезім мен өзіндік сана-сезімнің дамуымен өзара байланысты. Әлеуметтік қызметкердің сана-сезім мен өзіндік сана-сезімнің, әр түрлі өндірістік жағдайлардағы тәртібінің адекватты көрсеткіші маманның тұлғасының өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі сынауға ашықтығын білдіреді. Өз-өзін, өзінің әрекеттерін талдай білу, нәтижелерін, табыстарын, сәтсіздіктерін ұғына білу – жеке тұлға мен қызметтің кәсіпқойлығының қажетті компоненті.

Бірқатар шетелдік зерттеулерде кәсіпқойлықтың көрсеткіші ретінде кәсіби объективтілік пен нейтралитет ұсынылады. Егер әлеуметтік қызметкер клиенттің жағдайымен тым қатты бір пікірге қосылса, қарым-қатынаста объективтілік пен перспективаны жоғалту қаупі туындайды. Және керісінше, клиенттің мәселесін шешудегі әлеуметтік қызметкердің жеткіліксіз деңгейде қызығушылық танытуы онда берілген жағдайдан шығу, өзгерті немесе шешу үшін қажетті эмоционалды энергияны туғызбайды. Әлеуметтік қызметкердің кәсіптілігі тәжірибедегі жағдайға бақылаудағы эмоционалды қосылуда үйлесімдікті сақтауда көрінеді.

Әлеуметтік қызметкер кәсіпқойлығының келесі маңызды көрсеткіштерінің бірі клиенттің мүмкіндіктерін қолдану мен белсендендіру, көру, клиенттің өзін-өзі белсендендіру әдістері мен тәсілдерін қосу технологияларын табу, және оларды белгілі бір мәселені шешуге тиімді қолдана білу қасиетінен тұрады. Әлеуметтік қызметкердің кәсіпқойлығы клиентке көмекті сырттан көрсетуден гөрі, қалыптасқан жағдайдан шығу үшін клиентке өзінің жеке ресурстарын қосуға көмектесу икемділігінен тұрады.

Сапалы-оптималды қарым-қатынас та әлеуметтік қызметкердің кәсіпқойлығын, шеберлігін сипаттайды. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде көрсетілген қызметтің сапасы мен клиент және әлеуметтік қызметкер арасында қалыптасатын сапалы-тиімді қарым-қатынастың айырмашылығын анықтау қиын. Клиент-әлеуметтік қызметкер арасындағы кері байланысты қалыптастыратын қарым-қатынастардың сипаты, олардың адекваттылығы мен этикалық нормалар мен принциптерге сәйкестілігі – әлеуметтік жұмыстың нәтижелілігі мен сапасы көрсеткіштерінің бірі.

«Толыққанды серіктестік» ұстанымы әлеуметтік қызметкерге «жағдайды бақылауға», «қолдау мен күтімнің», «реттеу мен бақылау» рөлдерінің арасындағы айырмашылықты көруге мүмкіндік береді және соған сай өзінің тәртібін анықтауға және көрсетуге ықпал етеді. Осыған сәйкес, әлеуметтік қызметкердің кәсіпқойлығы, оның шеберлігі «тек теорияға бағынып қана қоймай, жағдайларды ескере отырып икемділік көрсетуді» талап етеді.

Берілген аспектте көп нәрсе әлеуметтік қызметкердің нақты тұлғасынан, оның адамгершілік және кәсіби құндылықтарына байланысты екені сөзсіз, дегенмен нақты маман жұмыс істейтін ұйымның (қызметтің, агенттіліктің, т.б.) мәдениеті де маңызды компонент болып табылады [5, б. 87].

Қарастырылған әлеуметтік қызметкер тұлғасы мен қызметі кәсіпқойлығының көрсеткіштері технологиялық сипатқа ие, және объективті-толық емес. Дегенмен, олар әлеуметтік қызметкердің кәсіпқойлығының сипаттамасын толықтырады, және берілген құбылыстың әсіресе кәсіби-тұлғалық жағын айқындайды. Жеке тұлға мен қызметтің кәсіпқойлығының көрсеткіштері әлеуметтік жұмыс маманына өзінің кәсіби деңгейін түзетуге, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сонымен, әлеуметтік қызметкердің кәсіпқойлығы онда мынадай сапалардың болуымен сипатталады:

  • кәсіби қабілеттілік;
  • еңбектің барлық түрлерін орындауға терең мотивация;
  • рухани-құндылықтық қасиеттер, адамдармен жұмысқа бейімділік, адаммен жұмысқа әлеуметтік-генетикалық бейімділік;
  • кәсіби шеберлік;
  • өзінің қызметіне объективті, сыни тұрғыдағы қатынас;
  • кәсіби білімдер мен кәсіби икемділіктер;
  • өмір бойы оқуға және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік;
  • тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жағдайы ретінде кәсіби абырой.

Әлеуметтік жұмыс өзінде икемділік пен мамандықты біріктіреді, сондықтан кәсіпқойлық осы жасаушылардың үйлесу деңгейімен, олардың тұтастығы мен жүйелілігімен өлшенеді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ebony Hall, Ph.D., M.Div., LMSW, and Shelia Lindsey Teaching Cultural Competence.- The new social worker: the social worker careers magazine.
  2. Отв. ред. Павленок П.Д. Основы социальной работы: Учебник/ — 2-е изд., испр. и доп. – М.: ИНФРА-М, 2004. – 395 с.
  3. Технология социальной работы: Учеб.пособие для студ. высш. учеб. заведений. /Под. ред. Зайнышева И.Г. – М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 2002. – 240 с.
  4. Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной работы: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 2001. – 432 с.
  5. Холостова Е.И. Профессионализм в социальной работе: учебное пособие. – М.: «Дашков и К», 2007. – 233 с.
    ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ КӘСІПҚОЙЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ФАКТОРЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ
    Мақалада әлеуметтік жұмыстағы кәсіпқойлық маңыздылығы, оның мәні мен көрсеткіштері қарастырылады. Талдау негізінде авторлар әлеуметтік қызметкер кәсіпқойлығының қалыптасу жолдарын нақтылайды.
    Written by: Кусаинова Айман Толеутаевна, Кендирбекова Жанар Хайдаровна, Мухтарова Шакира Мукашовна
    Published by: Басаранович Екатерина
    Date Published: 12/17/2016
    Edition: euroasia-science_6(27)_23.06.2016
    Available in: Ebook